Экономика

Қазақстанда банктерге ипотека бойынша сыйақы өндіруге тыйым салынады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБанк мекемесінің витринасындағы процент белгісі, архивтегі сурет
Банк мекемесінің витринасындағы процент белгісі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа ереже осы жылдың 2 ақпанынан бастап күшіне енеді

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда банктерге ипотекалық қарыздар бойынша 180 күн кешіктірілгеннен кейін есептелген сыйақыны өндіруге тыйым салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық банк ғимараты - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк таяуда қандай теңге купюралары айырбасталмайтынын хабарлады
Министрліктің ақпаратынша, осы жылдың 2 ақпанынан бастап банктер ипотека бойынша 180 күн кешіктірілгеннен кейін есептелген сыйақыны өндіре алмайды. Бұған дейін қолданыстағы заңнамада мұндай мерзім қарастырылмаған. 

"Аталған түзетулер жеке тұлғаны (қарыз алушыны) сыйақы бойынша қарызының көбейіп кетуінен қорғайды, сондай-ақ борышкерге қатысты дер кезінде шаралар қабылдау бойынша банктердің жауапкершілігін арттырады", — делінген хабарламада. 

Тиісті түзетулер "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы" заңға енгізілді.

Жаңалықтар
0