05:01 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1089210

Өткен жылдың төртінші тоқсанында ең жоғары жалақы 13 миллион 192,4 мың теңге, ең төменгі жалақы 15,6 мың теңге көлемінде белгіленді

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. 2018 жылдың ІV тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 176 050 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы карьерлерді қазу мен кен өндіру өнеркәсібінде тіркелді – 390,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 364,7 мың теңге (2,1 есе жоғары), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 332,5 мың теңге (1,9 есе жоғары), ақпарат және байланыс саласында – 261,7 мың теңге (1,5 есе жоғары), құрылыс саласында – 227,5 мың теңге (1,3 есе жоғары). 

Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде – 107,9 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,7% %-ға төмен, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің баспасөз қызметі.

Өңірлерде ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 320,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 109,7 мың теңгені көрсетті, бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,7%-ға төмен.

Ең жоғарғы жалақыны, яғни 13 миллион 192,4 мың теңгені кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі салаларындағы бас директор алатын болып шықты.

 Ең төменгі жалақы 15,6 мың теңге көлемінде белгіленді – оны білім беру және мемлекеттік басқару салаларында үй-жайларды жинап-тазалаушы алады. 


Тақырып бойынша

Қазақстанда имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды
Назарбаев Қазақстанда жалақы 4 есе артқанын мәлімдеді
Зейнетақы, жәрдемақы және жалақы өседі - Назарбаев тапсырма берді
Ақышев 10 млн теңгенің пәтерін алу үшін жалақы қанша болу керектігін айтты
Нығматулин: Қазақстанда орташа жалақы 17 есе өсті
Кілт сөздер:
экономика, жалақы, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып