15:18 24 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD377.18
  • EUR426.14
  • RUB5.98
Hummer көлігі, архив

Көлік алуға кредит беретін "7-20-25" секілді бағдарлама әзірленеді

© AP Photo / Hector Mata
Экономика
Қысқа сілтеме алу
126801

Қазақстан президенті Ұлттық банктің бастамасына қолдау білдірді

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк автокөлік сатып алуға кредит беру үшін "7-20-25" секілді бағдарлама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды тілшісі. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев халыққа несие беруді кеңейту бойынша жаңа бастама ұсынды. 

"2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтарының отандық өндірістен шыққан автокөліктерді сатып алуы үшін несие беру бағдарламасын әзірлеуге және қаржыландыруға дайын. Бағдарлама нарық принциптеріне негізделеді, банктер арқылы, "7-20-25" бағдарламасының инфрақұрылымы базасында жүзеге асады", — деді Ақышев. 

Ол автокөлік өндірісінің экономикаға мультипликативтік тиімділігі болған соң, осы сала таңдалып отырғанын атап өтті. 

"Қысқа мерзімде үкіметпен және банктермен бастаманы егжей-тегжей талқылауға әзірміз", — деді банк төрағасы. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банктің бұл ұсынысын қолдады. 

"Несиелеу үшін тұтынушыға да, өндірушіге де тиімді болатын салаларды таңдау керек", — деді Елбасы.

Тағы оқыңыз:

Тақырып бойынша

"Қымбат ота мен бірнеше несие". Қазақстандықтар Құран кәрімді неге сатып жатқанын айтты
Психоаналитик қандай адамдардың несие алуға құмар болатынын айтты
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
"Nur Kapital". 1%-бен несие беретін бағдарлама іске қосылды
Ақышев зейнеткерлерді несие алмауға шақырды
Депутат мұғалімдерге пайызсыз несие беруді ұсынды
Кілт сөздер:
"7-20-25" бағдарламасы., несие, көлік, Ұлттық банк, Данияр Ақышев
Загрузка...

Басты тақырып