Экономика

Ақышев теңгенің неге нығайып жатқанын айтты

© Sputnik / Болат Шайхиновтеңге
теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастырады

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңге бағамының нығаю себептерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақышевтың айтуынша, 2019 жылдың қаңтарынан айлық инфляция 0,5 процентті құраса, жылдық инфляция 5,2%-ке баяулаған. 14 қаңтарда Ұлттық банк базалық ставканы 9,25% деңгейінде сақтады.

"Жыл басынан бері теңгенің нығайып келе жатқаны байқалады. 8 ақпандағы жағдай бойынша теңге бағамы 1,4 процентке нығайып, бір доллар 378,73 теңгені құрады. Бұған мұнай нарығындағы қолайлы коньюнктура мен Ресей рублінің нығаюы ықпал етті", - деді Ақышев үкімет отырысында.

Данияр Ақышевпен кездесу - Sputnik Қазақстан
Экономика
Теңге қандай күйде: Назарбаев Ұлттық банк қызметін сынға алды
Ол Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ, Ақышев баяндағандай, алдын ала мәлімет бойынша қаңтар айының соңында Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 30,6 миллиард долларды құраған.

Ұлттық банктің активтері – 58,2 миллиард доллар, жалпы халықаралық резервтер – 88,8 миллиард доллар.

Жаңалықтар
0