11:11 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Деньги

Теңгеге өзгеріс енгізілді

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
357531

Өзгерістер 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Енді Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеде жазба мәтіні тек мемлекеттік тілде жазылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Қазақстан президентінің "Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" жарлығында айтылған.

Өзгерістер 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген.

Жарлыққа сәйкес, банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазба мәтіні мемлекеттік тілде рәсімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазуға рұқсат етіледі.

Бұған дейінгі құжатта банкноттар мен монеталарда жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылатыны айтылған.

Сондай-ақ, тұжырымдаға сәйкес, банкноттар мен монеталар дизайнының мiндеттi элементтері мыналар:

  • номиналдың цифрмен және (немесе) әріппен белгiленуi;
  • түпнұсқалығын айқындауға мүмкiндiк беретiн және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн элементтер;
  • эмитент елінің және (немесе) эмитенттің ресми атауы;
  • банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі.
Кілт сөздер:
жарлық, өзгерістер, ұлттық валюта, теңге
Загрузка...

Басты тақырып