21:46 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Калькулятор, архивное фото

"Таксистер де тапқан ақшасына есеп береді" Табыс декларациясы туралы не білу керек?

CC0 / Edar
Экономика
Қысқа сілтеме алу
712 0 0

Мамандар қазақстандықтарға қазірден бастап өзінің жекеменшігіне қатысты мәліметтерді жинастыра беру керектігін айтады

АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik, Кәмшат Сатиева. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір қазақстандық табыс декларациясын өткізуі тиіс. Декларация келесі жылдың 15 шілдесіне дейін қағаз түрінде, ал 15 қыркүйекке дейін электронды түрде қабылданады. Ал декларацияны дер уақытында өткізіп үлгермесе, ондай адамға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (75 750 теңге) айыппұл салынады.

Табыс декларациясын қалай толтыру керек? Ол арада нені көрсетіп, нені көрсетпеген жөн? Мүлікті жасырып қалса не болады? Қазақстандықтарды мазалаған бұл сауалдарға республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығының директоры Дмитрий Казанцев жауап берді.

Оны айтуынша, табыс декларациясын толтырға кезде мүлкін жасырған адам қатты ұтылады.

"Біреулер өзінің мүлкін жасырып қалғысы келуі мүмкін. Бұл дұрыс емес. Керісінше, мұндайда ұтыласыз. Мәселен, енді жыл сайын сіз қаржылық жағдайыңыз бойынша міндетті түрде есеп бересіз, оның қайдан шыққанын дәлелдеп беруіңіз керек болады. Дәлелдей алмасаңыз, айыппұл, оған қоса салық төлейтін боласыз. Айыппұл көлемі 30 АЕК болса, салық сол соманың 10 пайызын құрайды", - дейді ол.

Қазір, яғни бастапқыда тіркелген дүниелеріңізге ешкім дәлел талап етпейді, дейді ол. Сондықтан бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, басыңызда бар мүлік пен ақшаны, тіпті малды да заңдастырып алған абзал.

Нені декларациялаймыз?

  • Жылжымайтын мүлікті (ғимараттар, жер телімдері, үйлер, пәтерлер, Қазақстан ішіндегі және елден тысқары жердегі саяжайлар және т.б.);
  • жылжитын мүлікті (Көліктер: мотоцикль, яхта, жеңіл және ауыр көліктер және т.б.)
  • ақшаны (банктегі және одан тысқары жердегі есепшотыңызда, депозитте, картадағы ақшаны, қолдағы ақшаңыздың қанша екенін көрсетеміз);
  • қарызды (нотариалды түрде куәландырылған және куәландырылмаған қолхаттар тіркеледі). Бұл жерде іс жүзінде сіз кімге қарызсыз, сол адамның ЖИН-і және сізге қарыз адамның ЖИН-і көрсетілуі тиіс;
  • Мұраға қалған, сыйлыққа келген тарихи бағалы бұйымдар, әшекейлер;
  • Биологиялық активтер, яғни бұл графаға қорадағы малды тіркейміз. 

"Егер жалғыз ат болса, оны тіркеудің қажеті жоқ. Ал қорадағы ірі-қара бес-алтау боп, оның құны 500 мың теңгеден асатын болса, оны тіркеген жөн", - дейді сарапшы.

Екі есеп тапсыру керек

Табыс декларациясын өткізген соң жеке тұлға оның басқа формаларын да өткізуді жалғастырады: қысқа және кеңейтілген есеп.

Қысқа есепті қызметкерлер, зейнеткерлер, студенттер тапсырады. Олар жалақыдан басқа бір жыл ішінде мүлігіне қатысты ешқандай өзгеріс болмаса, осы қысқа есепті толтырады. Ал қандай да бір дүние сатып салса, онда қосымша кеңейтілген есеп өткізуге тура келеді.

Кеңейтілген есепті көбіне кәсіпкерлер тапсырады.

Тағы оқыңыз: Шенеуніктер бағалы сыйлықтарын неге өткізіп жатыр?

Қолда бар жәдігердің құнын білмесеңіз не істейсіз?

"Мәселен, музейде тұратын бағалы затты сыйға аласыз. Ондайда сыйлық берушіден чек сұрау керек. Ол болмаса, онда бағалаушы маманды шақыртып, ақысын төлеп, құнын белгілетіп алыңыз", - дейді маман.

Бағалы сыйлықтарды табыс декларациясында "өзге құнды заттар" деген бөлікке толтыру керек.

Таксистер табысын декларациялайды

"Желілік маркетингпен айналысушыларға 2020 жылға дейін жеке кәсіпкерлік ашып, салық төлеуге кеңес беремін. Тіпті, бұл бизнес сыртта тіркелген болса да бәрібір ол заңсыз деп танылады.

Өйткені бұл - бизнес, картаңызға табыс түсіп жатыр, ертең оны заңдастыру өте қиын боп кетеді. Ал ірі желілік компаниялар енді Қазақстанда ресми түрде тіркеліп, меморандумға қол қояды. Бәрі ашық болады", - дейді Казанцев.

Ол таксистердің де табысы декларацияланатынын, желілік маркетингке қарағанда бұл арада аса үлкен мәселе жоқтығын айтты.

"Қазір көшеде жол бойын торуылдайтын такси некен-саяқ. Көбісі, 80 пайыздан астамы сандық жүйеге қосылды. Индрайвер, Яндекс такси сынды ұялы қосымшаны пайдаланған таксистің күнделікті табысы қазір автоматты түрде көрініп тұрады. Сондықтан оларға табысын дәлелдеуде үлкен мәселе туындамайды. Оның бәрі қосымша табыс ретінде декларацияда тіркеледі", - дейді ол.

Табыс декларациясын дұрыс толтырмаса не болады?

Салық инспекторы жеке тұлғаның мәліметтеріне өздігінен кіре алмайды. Барлық ақпарат автоматты сипатта болады.

"Ақпараттық жүйе деректердің сәйкес келмейтінін автоматты түрде анықтайды. Мысалы, табыс декларациясындағы мәліметтер мен қысқа есеп ішіндегі дәйектер сәйкес келмесе, онда жеке тұлғаның поштасына салық органына шақырту келеді. Ондайда 30 күн ішінде салық органына барып, төбе көрсетпесеңіз, шоттарыңыз бұғатталып қалады", - дейді Казанцев.

Тағы оқыңыз: Астанада сүйіктісіне 700 мың теңгеге сыйлық жасамақ болған жігіт тақырға отырды

Тақырып бойынша

Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізу ұсынылды
"7-20-25": Астана тұрғыны пәтер алуға қанша ақша мен уақыт жұмсағанын айтып берді
Мадуро ұрлаған ақша Байділдәнің қорында сақтаулы: министрлік жауап берді
"Қиын болды": ұлттық экономика министрі 10 жыл бойы ипотека төлегенін айтты
"Нені дұрыс жасамай жүрсіз?" Ақша жинаудың қарапайым 15 тәсілі
Кілт сөздер:
табыс
Загрузка...

Басты тақырып