Экономика

Қазақстанның әскери зауыттары Ресейден тапсырыс күтеді

© Photo : ТОО "Казахстан Парамаунт Инжиниринг"Әскери техника
Әскери техника - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім алты жыл бұрын бекітілгеніне қарамастан, ресейлік тарап бірде бір тапсырыс жасамаған

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ресейлік тараптан тапсырыс алмағандықтан, тоқырап тұрған әскери зауыттар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Табиғаты әдемі дейді" Назарбаева Ресейдің қай жерінде болғысы келетінін айтты

Сенатор Қазақстан мен Ресей арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім 2013 жылы бекітілгенін еске салды. Алайда арада алты жыл өтсе де, қорғаныс мақсатындағы өнімдерді шығаратын қазақстандық зауыттар ресейлік тараптан бірде бір тапсырыс алмаған.

"Ресейлік тараптың бастамасымен Қазақстан қорғаныс мақсатындағы өнімдерді шығаратын 20 зауытты сақтап қалды. Ресейлік тарап оларды тапсырыспен және жұмыспен қамтуға уәде етті, бірақ әлі күнге дейін бірде бір келісімшарт жоқ. Зауыттарды күтіп ұстау керек, жалақы төлеу керек, сондықтан осы мәселеге назар аударғым келеді", - деді Назарбаева Ресей Федеральды жиыны Федерация кеңесі қорғаныс және қауіпсіздік комитеті, халықаралық істер комитетінің төрағаларымен кездесу барысында.

Ресей тарапы зауыттардың тізімін беруді өтінді.

"Біздің әскери ведомстволар басқа нарықты іздей бастағанда, сіздердің тараптарыңыз мазасыздана бастайды. Сонда бізге не істеу керек?", - деп сұрады сенатор.

Қытай танкілері әскери парадқа қатысуда, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Министрлік Қытай танкілерінің Қазақстанда қайдан жүргенін түсіндірді

Ресей Федерация кеңесі халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачев келісім аясында Қазақстан аумағында ресейлік тапсырыс берушілер және өнім өндірушілердің қатысуымен белгілі бір өнеркәсіптік кооперация құру көзделгенін айтты. Ол елге қайтқаннан кейін, бұл мәселені бейінді ведомстволармен талқылауға уәде берді.

"Анықталып отырғандай, тиісті міндеттемелер қағаз жүзінде рәсімделгенмен, іс жүзінде ештеңе жоқ. Бұл, ең алдымен, ресейлік тарапқа қатысты мәселе. Біз елге барған соң, екіжақты үкіметаралық келісімдерді орындауға жауапты ресейлік бейінді министрліктермен және ведомстволарымен талқылаймыз. Ресейлік тарап өзіне алған міндеттерді орындауы тиіс", - деді Косачев.

Жаңалықтар
0