09:03 10 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD410.70
  • EUR465.28
  • RUB5.80
Экономика
Қысқа сілтеме алу
270 0 0

Еспаева 2,5 проценттік банк комиссиясы кәсіпкерлер үшін тиімсіз екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, қолма-қол төлем көлемі ұлғайғанымен, банктер карта бойынша комиссияны төмендетпей отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дания Еспаева ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа банктердің комиссиясына қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат былтыр төлем картасымен 6,4 триллион теңгеге 524 миллион транзакция жасалғанын, бұл арғы жылмен салыстырғанда, екі есеге артық екенін атап өтті. Ал интернет-мобильді банкинг арқылы 3,1 триллион теңгеге 190 миллион қолма-қол ақшасыз операция жасалған, бұл көрсеткіш те 2017 жылға қарағанда екі есеге өскен.

" POS-терминалдар арқылы төлем жасау көлемі едәуір ұлғайса да, банктердің сауда ұйымдарынан өндіретін тарифі сол баяғы деңгейде қалып отыр. Орташа есеппен төлемнің жалпы сомасының 0,5-нен 2,5 процентіне дейін құрайды", - деді Еспаева.

Депутаттың айтуынша, бизнес заңы бойынша сату көлемі ұлғайып, бәсекелестік пайда болған кезде, қызмет құны төмендейді. Алайда, банк секторында бұл байқалмай отыр.

"Жоғары баға – қолма-қол төлемнің дамуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі. Әсіресе, бұл шағын бизнес өкілдерінің аяғына тұсау болып отыр", - деді ол.

Еспаева 2,5 проценттік банк комиссиясы кәсіпкерлер үшін тиімсіз екенін, сондықтан олар көп жағдайда POS-терминалдардан бас тартып жататынын атап өтті. Оның айтуынша, дүкендердегі тауарлар комиссияны қоса есептегендегі бағамен сатылады, яғни тұтынушының қалтасынан алынады.

"Егер комиссия төмендесе, сауда орындарының шығыны азайып, бағаның өсуін тежеуге болар еді", - деді депутат.

Осыған байланысты ол банк картасы бойынша комиссияны төмендету және Ұлттық банкке төлем операциялары үшін комиссияны реттеу мәселесін қарауды ұсынды.

Тақырып бойынша

Ұлттық банк қазақстандықтарға долларға қатысты кеңес берді
"Сізге бүгін не болған?" Нығматулин ұлттық банк төрағасын ұятқа қалдырды
Назарбаев: банк иелерінің жауапкершілігін көтеру керек
Ұлттық банк екі ірі сақтандыру компаниясының лиценциясын тоқтатты
Банк карточкасының сіз білмейтін 8 құпиясы
Кілт сөздер:
банк, Ерболат Досаев, депутат
Загрузка...

Басты тақырып