15:38 19 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.69
  • EUR429.08
  • RUB5.97
Ақша

ЕАЭО елдерінде бізден жоғары: ең төменгі күнкөріс деңгейі қашан өседі?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
721 0 0

Сенатордың айтуынша, ЕАЭО елдері арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі Қазақстанда

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Ең төменгі күнкөріс деңгейі инфляцияға сәйкес кезең-кезеңмен көтеріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері туралы сұрады.

"Биыл біз заң бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейін 29 698 теңге деп бекіттік. Өкінішке қарай, ЕАЭО елдерінде ең төменгі күнкөріс біздің елімізде. Беларусь, Ресей, Арменияда бізден жоғары. Осыған байланысты күнкөріс деңгейін жоғарылату ойларыңызда бар ма?", - деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейі инфляцияға сәйкес көтеріледі.

"Сіз мемлекетімізде болып жатқан шараларды жақсы білесіз, ол инфляцияның деңгейіне сәйкес көбейіп келеді. "Нұр Отан" партиясының съезінде Елбасы бұл он жылға арналған бағдарлама екенін айтқан болатын. Сондықтан кезең-кезеңмен инфляцияға сәйкес көтеріледі", - деп сендірді министр.

Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек кімдерге төленбейтінін түсіндірді

Тақырып бойынша

Еңбек министрі 4 баласы бар отбасының шілдеден бастап қанша алатынын есептеп берді
Назарбаев: әлеуметтік көмек 1 сәуірден бастап төленуі тиіс
Әр балаға – 21 мың теңге: депутат бала-шағасын өз күшімен асырап отырғандар туралы айтты
Бір үйде тұратын екі-үш отбасының табысы қалай есептеледі: еңбек министрі жауап берді
"Жәрдемақы өскенде, азық-түлік қымбаттай ма?" - сенатор бағаны реттеу мәселесін көтерді
Еңбек министрі: жалақы жыл сайын көбеюі керек
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Кілт сөздер:
ең төменгі күнкөріс деңгейі, ЕАЭО
Загрузка...

Басты тақырып