21:28 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Дариға Назарбаева

Назарбаева Қазақстандағы нөмірі бірінші проблеманы атады

© Photo : пресс-служба Сената парламента Республики Казахстан
Экономика
Қысқа сілтеме алу
8610 0 0

Сенат спикері Дариға Назарбаева айтқандай, баспана мәселесін шешуге бюджеттің ақшасы жетпейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Сенат төрайымы Дариға Назарбаева барлық өңірде нөмірі бірінші проблема – баспана мәселесі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Сұрақ-жауап барысында сенат спикері индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтан Қазақстанда үй кезегінде тұрғандардың жалпы санын сұрады.

Тағы оқыңыз: Мемлекет шаршы метрі 115 теңгеден баспана жалға береді

Қазақстанда баспана кезегінде қанша адам тұр?

Вице-министрдің ақпаратынша, қазір елімізде 487 мың адам үй алу үшін кезекте тұрған көрінеді. Өскенбаевтың айтуынша, осы азаматтарды баспанамен қамту үшін республикалық бюджеттен шамамен 6 триллионн теңге қажет.

"Мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктері тұрғын үй проблемасын неше жылдан кейін толығымен шеше алады? Бұл жерде тек көпбалалы отбасылар жайлы сөз болып отырған жоқ қой, басқа санаттағы азаматтар да бар. Оның үстіне жыл сайын халық саны да артады. Осының бәрін ескерсек, баспана мәселесін шешуге бір ғана бюджеттің ақшасы жетпейді. Сондықтан нарықтан отандық немесе шетелдік болсын инвестор тарту мәселесін қарастыру қажет", - деп санайды сенат спикері.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасыларға қашан баспана беріледі?

Қазақстандағы нөмірі бірінші проблема

Назарбаева өңірлердегі үй құрылысы комбинаттарының жұмысы бәсең екенін айтты. Олар өз мүмкіндіктерінің үштен бірін немесе тек жартысын ғана пайдаланады, себебі тапсырыс жоқ.

"Үкіметте осыған ұқсас тетіктер қарастырылған бағдарлама бар ма? Жақын арада бір шешім қабылданады деген үміттемін. Себебі баспана мәселесі – барлық өңірде нөмірі бірінші проблема болып тұр. Құрылыстың да қарқыны төмен, нарықтағы сұранысты қанағаттандыра алмайды", - деді Назарбаева.

Тағы оқыңыз: "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы туралы толық мәлімет

Тақырып бойынша

"7-20-25": қазақстандықтарға баспана сатып алу үшін 110 миллион доллар берілді
"7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алуға бес қадам
Қазақстанда енді үйден шықпай-ақ қолжетімді баспана алуға болады
Көпбалалы отбасылар баспана алу үшін жеке кезекке тұрады
Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алушылардың тізімі жарияланды
Кілт сөздер:
баспана, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып