03:34 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Архивтегі сурет

Палымбетов кәсіпкерлерге қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

CC0 / rawpixel
Экономика
Қысқа сілтеме алу
153 0 0

Этика жөніндегі тәртіптік кеңестер кәсіпкерлердің арызын қарамай, кері қайтарып алуын талап етеді  

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов бизнесмендердің жерден қалай айырылатынын айтып берді,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде кәсіпкердің құқығы бұзылса, жергілікті жердегі кеңестердің көмегіне жүгінуге болады. Арыз-шағымдар ары қарай этика жөніндегі кеңестердің қарауына жіберіледі. Алайда аталған құрылымдар шенеуніктерді жазалауға асықпайды. 

"Бір қызығы, бизнесмен әкімшілік кедергілерге тап болып, этика жөніндегі тәртіптік кеңеске жүгінеді. Ал сол жердің мамандары оған арызды алып кетсін деп айтады. Ережеге сәйкес, шағым қаралуы қажет. Алайда жергілікті жерде кәсіпкерге қатты қысым жасалады. Әрине, ондайда ол өз арызын кері қайтаруға мәжбүр", - дейді Палымбетов.

Бұдан бөлек, бизнесмендердің жерін тартып алу оқиғалары аз емес. ҚР Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, өткен жылы республика бойынша екі мыңнан астам заң бұзушылық тіркелді. Олардың ішінде жерді дұрыс рәсімдемеген кәсіпкерлер де бар.

"Қазір жер департаменттері оларды сотқа беріп, жер учаскелерін алып қойып жатыр. Иә, ол жерді заңсыз рәсімдегендер бар шығар. Алайда адал кәсіпкерлерді де ұмытпау қажет. Олар осыдан екі жыл бұрын жерді алған, актісі де, құрылысқа рұқсат беретін қағаздары да қолында. Ғимаратын да салып тастаған. Енді, оны кері қайтар дейді. Себебі екі жыл бұрын құжаттар дұрыс рәсімделмеген", - деп атап көрсетті уәкіл.  

Оның сөзіне қарағанда, кезінде сол рұқсат қағаздарын берген шенеуніктер басқа жұмысқа ауысып, жазадан оп-оңай құтылып кетеді. Ал кәсіпкерлер заңның алдында жауап беруге мәжбүр.

Заң бойынша әкімдіктер жерді алғандардың тізімін ақпараттық стендтерге іліп отыруға міндетті. Онда жер учаскесінің толық сипаттамасы болуы шарт. Аталған ақпарат жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарына да жариялануы қажет. Алайда бұл талапты барлық әкімдіктің тең жартысы ғана орындайды.

Тақырып бойынша

"Кім көрінгенге бердік!" Назарбаев Ақышевқа неге ашуланды?
Мәжіліс депутаты қайыршыларға ақша беретін адамдарға айыппұл салуды ұсынды
"Ел қатарлы тұруға болады": президент ауылдардың әлеуеті жайлы сөз қозғады
Маңғыстау әкімі халыққа неліктен 1%-пен кредит беріліп жатқанын түсіндірді
Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді
"Прописка" керек емес: қазақстандықтар үшін құжат рәсімдеу жеңілдейді
Кілт сөздер:
бизнес, кәсіпкер
Загрузка...

Басты тақырып