12:45 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Астана экономикалық форумы 2019

"Жағдай алаңдатарлық" Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық проблемаларды атады

© Sputnik / Абзал Калиев.
Экономика
Қысқа сілтеме алу
130 0 0

Тұңғыш президент мемлекеттер сауда нарығын кеңейту үшін бәсекелестік ережесіне қайшы әрекеттерге баратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономиканың негізгі проблемаларын жариялады. Ондай жағдай ешкімге жақсылық әкелмейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, бір қарағанда әлемдегі экономика тұрақты болып көрінеді. Алайда оның арғы жағында көптеген қауіп-қатерлер мен қарама-қайшылықтар бар.

"Әлемдік экономиканың өсу қарқыны 3,6 процентке дейін төмендеді. Алайда бастапқы болжамда 3,9 процент болған. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2019 жылда аталған көрсеткіш одан да төмен – 3,3 процентке дейін түседі деп отыр", - деді Назарбаев XII Астана экономикалық форумының пленарлық отырысында.

Тағы оқыңыз: Миллиондаған адам неге кәсібін ауыстырады?

Ондай жағдайда мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейеді. Әрбіреуі өзінің сауда нарығын кеңейтуге тырысады. Бәсекелестік ережелеріне жат әдіс-тәсілдер де қолданылады.

"Біз Қытай, АҚШ пен Еуропа арасындағы сауда-саттық қатынастарының ушығып отырғанын байқап отырмыз. Дамушы мемлекеттерде "макроэкономикалық стресс" бар. Саяси популизм де артып келеді. АҚШ пен Ресей арасындағы санкциялық текетірес бар. Оған тағы ядролық қауіпсіздік пен қару-жарақ саласындағы келісімдердің тұрақсыздығын, қару-жарақ жарысына жақын тұрғанымызды қоссақ, жағдай алаңдатарлық деп айтуға болады. Ондай жағдай ешкімге жақсылық әкелмейді", - деп атап көрсетті Тұңғыш президент.

Тақырып бойынша

Қазақстанда 400 мың теңге жалақыны кімдер алатыны белгілі болды
Зейнетақы жинағын кредитті жабуға пайдалануға бола ма – Ұлттық банк жауабы
Бай мемлекетте кедейлер болмау керек – кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 4%-ті құрады
Қазақстанда ең жоғары және ең төмен жалақыны кім алады?
Кілт сөздер:
геосаяси жағдай, экономика, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып