20:54 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Архивтегі фото

2021 жылға қарай АЭА-да 2 трлн теңгенің жобалары іске асады

© Sputnik /
Экономика
Қысқа сілтеме алу
221 0 0

Қазақстанда 12 арнайы экономикалық және 23 индустриялық аймақ құрылған

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. 2021 жылға қарай Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарында 147 жоба жүзеге асады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2021 жылға қарай арнайы экономикалық аймақ аумақтарында 2 триллион теңгеден астам сомаға 147 жоба іске асырылады. Биыл шамамен 1200 жаңа жұмыс орны құрылып, 160 миллиард теңгеден аса сомаға 36 жоба іске қосылатын болады. 2021 жылға қарай жалпы сомасы 1,9 триллион теңгеге 111 жоба іске қосылады", - деді Скляр үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, барлық АЭА инфрақұрылымының құрылысына жұмсалған бюджет шығындары 314,3 миллиард теңгені құраған.

"Бюджетке салық түрінде шамамен 150 миллиард теңге қайтарылды. Бұл ретте тартылған инвестиция мөлшері – 910 миллиард теңге. Яғни, арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымына салынған бюджеттің 1 теңгесіне 2,8 теңге жеке инвестиция тартылды", - деді ол.

Скляр ең табысты экономикалық аймақ ретінде Шымкенттегі "Оңтүстік" АЭА-ны атады. Онда бюджеттің 1 теңгесіне 15,5 теңге инвестиция тартылған.

"Арнайы экономикалық аймақ мемлекет қолдауынсыз, өздігінен жұмыс істейді", - деп атап өтті министр.

Айта кетсек, Қазақстанда 12 арнайы экономикалық аймақ және 23 индустриялық аймақ құрылған. Олардың барлығы қазір жұмыс істеп тұр.

Тақырып бойынша

Қарағанды облысында жарылғыш зат шығаратын зауыт салынады
Қырғыз бизнесмені Қазақстанмен шекарада кімдердің ақша бопсалайтынын айтып берді
Назарбаев түрік бизнесмендеріне үндеу жасады
Жаңа кедендік кодекс бизнестің мүддесін қорғай ма?
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды
Кілт сөздер:
арнайы экономикалық аймақтар
Загрузка...

Басты тақырып