04:52 18 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR429.83
  • RUB5.96
құс еті

Нығматулин Қазақстанның ет пен сүтті шетелден импорттап отырғанына қапаланды

© Sputnik / Павел Лисицын
Экономика
Қысқа сілтеме алу
135 0 0

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанда ет пен ет өнімдерінің импорты жылдан-жылға артып бара жатқанын атап көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс төрағасы ет пен ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіш көңіл көншітпейтінін атап өтті. Себебі елімізде ет пен ет өнімдерінің импорты жылдан-жылға артып барады.

"Құс еті импортының үлесі 51%-тен асады. Былтыр ол 191 мың тоннадан асқан еді. Соңғы үш жылда жылқы еті импортының да көлемі артып барады. 2016 жылы 900 тонна жылқы еті импортталса, 2018 жылы 2,5 есеге өсіп, 2 мың тоннаға жетті. Ал бізде сыртқы нарықта ірі ет эспорттаушысына айналуға барлық жағдай жасалған", - деді Нығматулин парламентік тыңдауда.

Ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі төмен екенін, соның кесірінен қазақстандықтар шетелдің сары майын, ірімшігі мен сүзбесін сатып алуға мәжбүр екенін айтты. Нығматулиннің дерегінше, Қазақстан еттің тек 33 процентін, ал сүттің 31 процентін ғана өңдейді.

"Біздегі барлық өңдеуші кәсіпорынның жүктемесі әлі де төмен – 60 процент деңгейінде қалып отыр. Мәселен, Ресей мен Беларусьте осыған ұқсас кәсіпорындардың жүктемесі 80 проценттен асады. Қазақстанға импортталатын ресейлік және беларусьтік сүт өнімдері осыған дәлел", - деді мәжіліс спикері.

Нығматулин кәсіпорындардың әлеуеті бар, бірақ өсім жоқ екенін атап өтті.

"Статистикаға талдау жасап, біздің елдің жыл сайын жалпы сомасы 45 миллиард теңгеге 6 мың тоннадан астам сары май, 22 мың тоннаға жуық ірімшік пен сүзбе, 6 мың тоннадан астам ет консервісін импорттайтынына таңғаласың. Дәл осы өнімдерді отандық өңдеу зауыттары өндіре алады ғой, өндіруі тиіс те. Әлеует бар, өсім жоқ", - деді спикер.

Осы орайда Нұрлан Нығматулин ел экономикасында ауыл шаруашылығы саласының орны ерекше екенін атап өтті.

"Себебі ауыл шаруашылығы саласы әрбір адамға, әрбір отбасына қатысты. Оны біз әрқашанда есте ұстауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласына әрқашан көмектесуіміз керек", - деді ол.

Тақырып бойынша

"Маған ренжімесін": Нығматулин кімге көңілі толмайтынын айтты
"Ет жасыл түсті болған". Бекшин Қарағандыда ауызашарда уланғандар жайлы айтты
"Айтуға ұят" Нығматулин жүргізушілерге жағдай жасауды тапсырды
Қазақстан Қырғызстаннан ет әкелуге тыйым салды
"Бос сөзді қойыңдар" Нығматулин пікірін аяқасты өзгерткен вице-министрге шүйлікті
"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді
Кілт сөздер:
сүт өнімдері, ет, Нұрлан Нығматулин
Загрузка...

Басты тақырып