10:44 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев мораторий жариялады

© Sputnik / Григорий Сысоев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1239910

Мемлекет басшысы үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген қызмет түрлеріне ревизия жүргізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялады, деп хабарлайды Ақорда.

"Қиын-қыстау заманда мемлекет экономикалық өсімді қолдаудың ауыртпалығын әрқашан өз мойнына алды. Экономиканың жүйелі бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын естен шығармаған абзал. Дәл осы себептен мемлекеттің экономикадағы үлесін ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына дейін жеткізу міндеті қойылды. Бұл жеке инвестициялар мен шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді", - деді Тоқаев ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында.

"Роботтандыру мен жасанды интеллект" - Тоқаев Қазақстан армиясын қалай өзгертпек?

Мемлекет басшысы үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген барлық қызмет түріне ревизия жүргізіп, оларды қысқартуға қатысты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

"Бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаймын", - деді президент.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиынға Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшелері, президент әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері, ұлттық компаниялар мен еліміздің бизнес өкілдері қатысты.

Тоқаев жемқорлық туралы: мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі керек

Отырыс тақырыбы "Кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасын жаңғыртудың негізі" деп аталды.

Тақырып бойынша

Қасым-Жомарт Тоқаев теледебатқа қатыса ма – саясаттанушы пікірі
Тоқаев 66 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер
Тоқаев: Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін
Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
Тоқаев: Жалақыны өсіру – үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті
Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты
Кілт сөздер:
мораторий, компания, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып