02:53 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Қазақстандық қыз

Қазақстан бәсекеге қабілетті экономикалар рейтингісінде 4 сатыға жоғарылады

© Sputnik / Владислав Воднев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
65 0 0

Америка Құрама Штаттары Сингапур мен Гонконгтан артта қалып, үшінші орын иеленді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Қазақстан әлемдегі бәсекеге ең қабілетті экономикалар рейтингісінде төрт сатыға жоғары көтерілді. Республика қазір 34-ші орында.

Әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалар рейтингісін Швейцарияның Халықаралық менеджмент дамуы институты құрастырған. Сарапшылар жұмыссыздық, ЖІӨ деңгейі, мемлекеттің денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы шығыны, сондай-ақ әлеуметтік бірлік , жаһандану және жемқорлық мәселелері бойынша қоғамдық пікір сияқты деректерді ескерді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан баспана салудан ТМД-да көш бастады

Қазақстан бір жыл ішінде төрт сатыға көтеріліп, 34-ші орынға табан тіреді. Рейтингке барлығы 63 ел кірген. Ресей – 45-орында.

Бірінші орынды Сингапур алып, әрі қарай тізімде Гонконг, АҚШ, Швейцария және Біріккен Араб Әмірліктері кезекпен орналасты.

Өткен жылы Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан 59-орын иеленген болатын.

Тағы оқыңыз: Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша ең төменгі орындардың бірін алды

Тақырып бойынша

ТОП-10: саясаткерлердің рейтингісі
Қазақстан әлемдік азаматтық рейтингісінде екі сатыға төмен түсті
Жемқорлық дауынан Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі төмендеп кетті
Қазақстан бақытты елдер рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды
Қазақстандағы медициналық ұйымдардың рейтингі жарияланды
Кілт сөздер:
рейтинг, экономика, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып