21:17 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Кісен, архивтегі сурет

Банкир Жомарт Ертаевтың экс-көмекшісі Украинадан елге жеткізілді

© Sputnik / Тимур Батыршин
Экономика
Қысқа сілтеме алу
63 0 0

Қылмыстық органдардан жасырынған күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр — Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы Ертаевтың бұрынғы көмекшісі Айдос Құсайыновты жұма күні елге жеткізді.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Айдос Құсайынов 2013-2018 жылдар аралығында 26,3 миллион теңге мен 1,7 млн АҚШ долларын жымқырды деген күдікке ілінген. Ол "Bank RBK" АҚ-ның директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Ертаевтың көмекшісі болған.

Тағы оқыңыз: Банкир Жомарт Ертаев қалай ұсталды?

Құсайыновтың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу жүргізіледі.

Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін. Жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Бизнесмен Ертаев Ресей азаматтығын сұрады

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық органдардан жасырынып, халықаралық іздеуде болған. Қазір Құсайынов Алматы қаласының тергеу изолюторына қамалды.

Жомарт Ертаев ісі

Жомарт  Ертаев 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қызметтік жағдайын пайдалана отырып "BANK RBK" АҚ-ның 144 миллиард теңгесін жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Ертаевпен бірге 54 тұлға күдікке ілініп отыр, олардың арасында банктің 41 топ-менеджері мен қызметкері бар. 

Тергеу барысында қабылданған шаралардың арқасында 15 миллиард теңге өтеліп, 48 миллиард теңгенің мүлкіне бұғау салынды.

Тақырып бойынша

ҚР ІІМ банкир Жомарт Ертаевтың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
Мәскеу соты Жомарт Ертаевты Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады
Мәскеу соты Жомарт Ертаевты босату туралы шағымды қарастырады
Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим Германияда ұсталды
Жомарт Ертаев Астанаға жеткізілді
Кілт сөздер:
экстрадицияланды, Қазақстан, Жомарт Ертаев, банкир
Загрузка...

Басты тақырып