05:11 18 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR429.83
  • RUB5.96
Мәдина Әбілқасымова

Мәдина Әбілқасымова доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

© Sputnik / Владислав Воднев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
751 0 0

Ұлттық банк төрағасының орынбасары елде кезекті девальвация бола ма деген сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Соңғы күндері доллар бағамының өсуі әлемдік нарықтағы мұнай бағасымен байланысты. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ұлттық банк 3 маусымда кезекті болжамдық раунд өткізіп, базалық мөлшерлемені сол күйінде – 9% деңгейінде қалдырған.

"Қазір теңгенің еркін айырбас бағамы режимі аясында валютаның өзгерісі болып жатыр. Бұл, ең алдымен, мұнай бағасына байланысты. Әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда текетіресінің күшеюінен әлемдік нарықтарда Brent маркалы мұнайдың бағасы түскенін көріп отырмыз. Тиісінше, бұл дамып жатқан нарықтардың валюталарына әсер етіп жатыр", - деді ол мәжіліс кулуарында.

Осы орайда БАҚ өкілдері Әбілқасымовадан елде кезекті девальвация бола ма деп сұрады. Ол теңге бағамы айтарлықтай құбылса, ұлттық банк тиісті шаралар қабылдайтынына сендірді.

Тағы оқыңыз: Сарапшы доллар бағамына қатысты ойымен бөлісті

"Айырбас бағамы айтарлықтай құбылған жағдайда ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге құқылы. Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз", - деді ол.

Айта кетсек, қазір валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 384-386 теңгеге сатылып жатыр.

Тақырып бойынша

Сайлаудан кейін девальвация бола ма – Ұлттық банк жауап берді
Теңгенің алдағы тағдыры қандай болады? Министрлік жауап берді
Досаев теңге бағамы туралы айтты
Қазақстанда тағы 10 банк телефонды төлем құралы ретінде пайдаланады
"Талқылауға зауқым жоқ" Досаев девальвация жайлы қауесетке түсініктеме берді
Кілт сөздер:
доллар, Мәдина Әбілқасымова
Загрузка...

Басты тақырып