02:55 20 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD382.38
  • EUR428.30
  • RUB5.97
Көліктер

Lada ма, әлде Toyota ма - қазақстандықтар ең көп сатып алатын көлік

© Sputnik / Владислав Воднев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
35510

Төрт ай ішінде республика халқы 19 мыңдай жаңа көлік сатып алған

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Қазақстандықтар арасында ең көп таралған үш көлік - Lada, Toyota және Hyundai, деп хабарлады EnergyProm.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 18,8 мың жаңа жеңіл көлік сатылды. Сату бойынша ең ірі дилерлік топтар – "БИПЭК АВТО" мен Astana Motors, олар көлік саудасының 59,9%-ін қамтып отыр.

Көлікті ең көп сатып алатын үш қала: Алматы (5,1 мың), Нұр-Сұлтан (3,7 мың) және Атырау (1,3 мың).

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ең жоғары және ең төмен жалақы қанша?

Жалпы айтқанда, Қазақстанда көлік сатып алу деңгейі бір жыл ішінде 20,5%-ке өсті.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында көп сатылған көлік түрлері: LADA — 4,7 мың; екінші орында Toyota — 4,1 мың, үшінші орында Huyndai — 3,5 мың.

Бұлардың ішінде LADA мен Hyundai республикада құрастырылған көліктер арасында көш бастап келеді: 4,7 мың және 3,4 мың. Үшінші орында KIA — 1,2 мың.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы ең бай бес адам

Тақырып бойынша

Көлік алуға кредит беретін "7-20-25" секілді бағдарлама әзірленеді
Қазақстанда көлік техникалық байқаудан жаңаша өткізіледі: не өзгереді
"Мұны тоқтату керек" облыс әкімі қымбат көлік сатып алуға тыйым салды
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, көлік
Загрузка...

Басты тақырып