02:58 20 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD382.38
  • EUR428.30
  • RUB5.97
БТА банк

Әблязовтің қарындасы БТА Банкке 6,6 миллион доллар қайтарады

© Sputnik / Владимир Федоренко
Экономика
Қысқа сілтеме алу
414 0 0

АҚШ соты қашқын бизнесменнің қарындасының жылжымайтын мүлкін тәркілеуге шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым — Sputnik. "БТА Банк" АҚ қашқын бизнесмен Мұхтар Әблязовтің қарындасымен соттасып, 6,6 миллион доллар төлеткізетін болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі жариялады.   

Фэрфакс (Вирджиния штаты, АҚШ) округтік соты БТА Банк пен сыртқы басқарушылардың пайдасына шешім қабылдады.

"Сот Гауһар Құсайынованың Фэрфакс округі мен Александрия қаласындағы (АҚШ) 6 598 313 АҚШ доллары тұратын жылжымайтын мүлкін тәркілеуге шешім шығарды", - делінген хабарлама.

Әблязовтің қарындасының ісі

БТА Банк 2016 жылдың 13 маусымында келтірілген шығынды өтеу және басқа да талаптарды қанағаттандыру үшін Гауһар Құсайынованы округтік сотқа берді.

Банк мәліметінше, Мұхтар Әблязов қымқырған қаражаттың бір бөлігін туған қарындасының атына заңсыз аударған. Әйел қаражатты өз қажетіне жаратып, АҚШ-тан бірнеше қымбат жылжымайтын мүлік сатып алады.

Тағы оқыңыз: Бас прокуратура Әблязов банкирді өлтіруді ұйымдастырды деп есептейді

БТА Банктен кейін 2016 жылдың тамызында Мұхтар Әблязовтің активтерін сырттай басқаруға ағылшын соты тағайындаған Джон Милсом мен Дэвид Стэндиш сотқа дәл сондай шағым түсірді.

"Сыртқы басқарушылардың арыз түсіруіне негіз болған жайт – Гауһар Құсайынова қаражаттың басым бөлігін Мұхтар Әблязовпен үлестес Denmar Assets Management және Devesta Limited компаниялары арқылы сыртқы басқарушылар басқаратын активтер мен активтерге тыйым салу туралы бұйрыққа енгізе отырып алған", - делінген хабарламада.

БТА Банк пен сыртқы басқарушылар 2017 жылдың 19 сәуірінде сотқа арыздарды біріктіру туралы қолдаухат тапсырды.

Әблязовтің ісі қайда қаралып жатыр

Қазірде Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қарсы сот процестері Қазақстанда ғана емес, Ресей, Украина, Ұлыбритания, АҚШ және Францияда жүріп жатыр.

Алматының билік өкілдері мен БТА Банк мәлімдегендей, АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы серіктесі Феликс Сатер Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновқа жарты миллиард долларға жуық ақшаны жылыстауға көмектескен.

Тағы оқыңыз: Қуат Хамитов Әблязовке үндеу жасады

БТА Банк 2015 жылдың маусымында банк лицензиясын өткізіп, Қазақстанның банк жүйесінен шықты. БТА Банктің негізгі акционерлері - Казкоммерцбанк (46,5%), ал 2018 жылы біріккеннен кейін - Halyk Bank, пен қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев (46,5%).

Тақырып бойынша

Абаев Әблязовтің экстремистік қозғалысына қатысты түсініктеме берді
Әблязов негізін қалаған қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым болып танылды
Бас прокурор Еуропарламент депутаттарын шетелде қашып жүргендер туралы хабардар етті
Бас прокуратура Әблязовтің митингтеріне қатысқандар қамалатынын ескертті
Бас прокуратура Әблязовты Астанаға шақырды
Кілт сөздер:
сот, Мұхтар Әблязов, БТА банк
Загрузка...

Басты тақырып