08:13 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Ерболат Досаев

Ұлттық банк депозиттің жаңа түрін енгізеді

Служба центральных коммуникаций
Экономика
Қысқа сілтеме алу
5380 0 0

Бұл депозитті ұлттық банктің өзінде ашуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев депозиттерге қатысты өзгерісті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас банкирдің сөзіне қарағанда, шетел валютасын ел ішінде ұстап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктер үшін депозиттің жаңа түрі енгізіледі. Оны ұлттық банктің өзінде ашуға болады.

"Валюталық активтерді ел ішінде сақтауды ынталандыру үшін жаңа құрал ретінде 1 шілдеден бастап банктердің ұлттық банктегі валюталық депозиттері енгізіледі. Мұндай депозиттердің мерзімі – бір ай. Ал жылдық мөлшерлемесі 0,5 процентке дейін болады", - деді Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, кепілдік беру қоры ұсынған қазақстандық депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме өзгеріп отыр.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді

"Халықтың теңгедегі мерзімді емес депозиттері бойынша ұсынылған мөлшерлемені 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 10,5%-тен 9,8%-ке дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, биыл 1 маусымнан бастап он екі ай және одан жоғары мерзіммен шетел валютасындағы жинақ пен мерзімді депозиттер бойынша 2 процентке дейін көтерілді. Бұл шара банктердің міндеттемелерін ұзартуға бағытталған", - деп атап көрсетті Досаев.

Тақырып бойынша

Ұлттық банк салмағы 1 кг тартатын монета шығарды
"Талқылауға зауқым жоқ" Досаев девальвация жайлы қауесетке түсініктеме берді
Ұлттық банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру жоспарланып отыр
Қазақстанда үш банк бірігетін болды
Мәдина Әбілқасымова доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді
Кілт сөздер:
депозит, Ұлттық банк
Загрузка...

Басты тақырып