20:36 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
 Астана LRT-ге арналған тіректер

Қаржы министрі "ЛРТ" құрылысына қосымша қаржы қайдан тартылатынын айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
212 0 0

"Астана ЛРТ" компаниясының облигациялары ішкі нарыққа шығарылып, сатылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Үкімет басшысының бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов елордадағы жеңіл рельсті көлік желісін қаржыландыру тетіктері туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұған дейін "ЛРТ-ның" құрылысына Қытай мемлекеттік банкінен қарызға ақша алынған. Ол қарыздың сомасы – 1,5 миллиард доллар. Осы ақшаның 344 миллион доллары құрылысқа жұмсалды.

"Бүгінде бас мердігерлер – қытайлық компанияларға байланысты қаржыландыру жүйесін қайта қарауға шешім шығарылды. Себебі Қытай мемлекеттік банкі қаржыландыруды тоқтатты. Осыған байланысты біз үкіметте  Нұр-Сұлтан әкімдігінің ұсынысын қарап шықтық. Соның аясында Қытай мемлекеттік банкінің қарызын қайта қаржыландыру жоспарланған. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары басталып кетті", - деді Смайылов есеп беру кездесуінен кейінгі брифингте.

Жоспарға сәйкес, "Астана ЛРТ" компаниясының облигациялары ішкі нарыққа шығарылып, сатылады. Құнды қағаздардың жалпы құны – 1,5 миллиард доллар. Осы ақшадан Қытай мемлекеттік банкінің 344 миллион доллар көлеміндегі қарызы өтеледі.

"Қалған ақша – 1,2 миллиард доллар "ЛРТ-ның" құрылысына жұмсалады. Әкімдіктің жоспары бойынша жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысы 2020 жылы, яғни келесі жылы 1 қыркүйекке дейін аяқталады", - деп атап көрсетті Смайылов.

Тақырып бойынша

Астана билігі "сақалды" құрылыстардағы крандарды алып тастауға кірісті
Қазақстан Қытайдан қанша қарыз алады – парламент заң қабылдады
Қазақстан үкіметі Қытайдан қарыз алуды жоспарлап отыр
Исекешев Астанадағы түбегейлі өзгерістер туралы баяндады
Астанада жерасты трамвай мерзімінен бұрын іске қосылуы мүмкін
Кілт сөздер:
қаржы министрі, Әлихан Смайылов, құрылыс
Загрузка...

Басты тақырып