11:26 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Әлихан Смайылов

Смайылов миллиардтаған сыртқы қарыздың қайдан шыққанын түсіндірді  

© Sputnik / Болат Шайхинов
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1917 0 0

Қаржы министрі Қытайға мемлекет емес, жеке сектор қарыз екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Үкімет басшысының бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов сыртқы қарыздың қалай жинақталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жалпы, сыртқы қарызымыз 160 миллиард долларға таяп қалды. Бірақ өткен жылдың қорытындысы бойынша 8,4 миллиард долларға қысқарды", - деді Смайылов.

Министрдің айтуынша, сыртқы қарыздың ішінде мемлекеттік сектордың үлесі 35 миллиард долларды құрайды. Бұл барлық борыштың – 22 проценті.

"Қалғаны – жекеменшік сектордың қарызы. Оның көлемі – 123 миллиард доллар немесе 78 процент. Соның ішінде 100 миллиардтан астамы – фирмааралық борыш. Ол дегеніміз, тікелей инвестициямен байланысты. Ондайда басқа мемлекеттердегі компаниялар өзінің еншілес компаниясына ақша береді, ол инвестиция болып саналады. Бірақ дәл сол ақша біздің төлем балансымызда борыш ретінде көрсетіледі", - деп атап көрсетті Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың борыш ретінде көрсетілгені проблема емес. Сол инвестициялардың көп болғаны дұрыс. Себебі жаңа жобалар қолға алынады, қосымша жұмыс орындары ашылады, бюджетке салық төленеді.

"Негізі, фирмааралық борыштың көп болуы біз үшін жақсы. Ал Қытайдың алдында мемлекеттің борышы жоқ, тек жеке сектордың қарызы бар. Оның көлемі – 11,6 миллиард доллар. Соның жартысы – 5,1 миллиард доллар фирмаарлық борыш, яғни Қытайдың Қазақстанға салған инвестициялары. Банк секторының борышы – 1,6 миллиард доллар, ал басқа секторлар – 4,9 миллиард доллар", - деді Смайылов.

 

Тақырып бойынша

Қазақстан Қытайдан қанша қарыз алады – парламент заң қабылдады
Қырғызстан Қазақстаннан 100 млн доллар көлемінде қарыз сұрауы мүмкін
"Қарызымыз бастан асады!" Депутат вице-министрдің сөзіне ашуланып кетті
"Самұрық-Қазына" халықаралық банктерге қарызын мерзімінен бұрын қайтарды
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14,2 триллион теңгеге жетті
Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп кетті: не болғанын министр түсіндірді  
Кілт сөздер:
Әлихан Смайылов, Қытай, сыртқы қарыз
Загрузка...

Басты тақырып