19:26 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Национальная валюта Казахстана тенге

Қазақстандықтардың кредитін өтеуге қажетті ақша қайдан алынады?

© Sputnik / Абзал Калиев.
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1034 0 0

Кепілсіз тұтынушылық кредиттері бойынша қарызды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды өтеуге 105 миллиард теңге қажет

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Тұрмысы төмен азаматтардың кредит бойынша қарызын өтеуге қажетті қаражаттың басым бөлігі республикалық бюджеттен, қалғаны арнайы облигацияларды шығару жолымен алынады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет тарапынан кепілсіз тұтынушылық кредиттер мен олардың айыппұлдары мен проценттерін өтеу үшін 105 миллиард теңге қажет. Оның 88,5 миллиард теңгесін біз республикалық бюджеттен тартамыз. Таяудағы аптада бюджетті нақтылау аясында тиісті сомалар енгізіледі. 17 миллиард теңгеге жуық қаржыны Проблемалық кредиттер қорының арнайы облигацияларын шығару жолымен тартамыз", - деді Смайылов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министр кепілсіз кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдардың 70 проценті қаржы ұйымдарының өз есебінен өтелетінін атап өтті.

Қарызды өтеу қашан басталады

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков кепілсіз тұтынушылық кредиті бар қазақстандықтарға банкке баруға асықпауға кеңес берді. Айтуынша, қарызды өтеу әлі біраз уақыт алады.

"Қазір банкке барудың қажеті жоқ, өйткені бұл жұмыс белгілі бір уақыт алады. Негізінен алдағы екі айда аяқталуы мүмкін",- деді Смоляков үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тізіміне қатысты ақпаратты ұсынғаннан кейін, Ұлттық банк мемлекеттік кредит бюросы және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, қарыз алғандар бойынша барлық цифрды салыстырып шығады.

"Келісімшарт бекітілгеннен кейін, Ұлттық банк тізімдегі әрбір адамның қарызы өтелгенін қадағалайды", - деп сендірді Смоляков.

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтардың кепілсіз тұтынушылық кредиті өтеледі.

Ол үшін кредиттің жалпы сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы керек. Сол кезде мемлекет бір адамның 300 мың теңге мөлшеріндегі қарызын жауып береді.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдікке:

  • көпбалалы отбасылар;
  • асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар;
  • мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезден мүгедектер бар отбасылар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатындар;
  • жетім балалар;
  • ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар ие болады.

Тақырып бойынша

Тоқаевтың жарлығы: енді кімдерге кредит берілмейтіні белгілі болды
Тоқаев жарлыққа қол қойды: кімдердің кредиті өтеледі
Кредит алған халықтың қарызы 4 триллионнан асты - Ұлттық банк көмек береді
Тоқаевтың жарлығы: кредит қалай және қашан өтеледі
Бес миллионнан астам қазақстандықтың айыппұлы мен өсімпұлы кешіріледі
Кілт сөздер:
Қазақстан, кредит
Загрузка...

Басты тақырып