21:23 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ақорда

"Жаңа тәсілдер керек": Тоқаев Ақордада кеңес өткізді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Экономика
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Президент азаматтардың тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеу керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Ақордада экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді. Ол ел экономикасын дамытудың жаңа тәсілдерін ұсыну керектігін айтты.

Кеңес барысында 7 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-министр Асқар Мамин, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады.

"Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуына салмақты серпін беру мақсатында жаңа тәсілдер ұсынудың айрықша маңыздылығын атап өтіп, бұл үшін үкіметтің, президент әкімшілігінің және сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысы қажет екеніне ерекше мән берді", - деп жазады Ақорда.

Жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтер бағасының өсуін болдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерге қатысты жедел шешім ұсынумен қатар халықаралық нарықтағы теріс үрдістерді ескере отырып, экономиканың ортамерзімді даму бағдарын айқындау міндеті тұрғанын айтты", - деп жазылған хабарламада.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Құрбан айт қарсаңында болған жағдайға қатысты көңіл айтты

Соңында президент азаматтардың тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеу үшін басты назарды олардың мүдделеріне, халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттеменің толық орындалуына аудару қажет екеніне баса мән берді.

Тақырып бойынша

Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады
Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды
Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады
Тоқаев Бірғаным Әйтімованың өкілеттігін тоқтатты
"Кабинетте отырмаймын": Жаңа сенатор Дана Нұржігіт халыққа сөз арнады  
Кілт сөздер:
Ақорда, Қасым-Жомарт Тоқаев, тәсіл
Загрузка...

Басты тақырып