07:18 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Жүк контейнерлері, архивтегі сурет

Ресей мен Қазақстан арасында жүк тасымалдау көлемі ұлғайды

© REUTERS / Thomas Peter
Экономика
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының өкілдері ресейлік теміржолшылармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Ресей теміржолшылары контейнерлік тасымалдау мәселесін талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов бастаған делегация Оңтүстік Орал темір жолы (ООТЖ, РФ) басшылығымен кездескен.

"Қазақстан мен Ресей теміржолшылары кездесу барысында Батыс Қытай – Еуропа бағытындағы транзитті контейнерлік тасымалы көлемін арттыру перспективаларын талқылады. Кездесуде контейнерлік тасымал көлемінің артуы жағдайында Қарталы түйіспесі бойынша жүк пойыздары қозғалысы артып, 2018 жылға қарай төрт жұпқа көбейді және тәулігіне орташа 17 жұпты құрады", - деп атап өтті ҚТЖ баспасөз қызметі.

Тараптар тәжірибе алмасып қана қоймай, бірқатар мәселені қараған: заманауи техникаларды пайдалану арқылы жолдарды жөндеу мен сақтау, локомотив паркінің жағдайы, тасымалдарды басқару және өзге де мәселелер.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей өнім тасымалдау жөнінде келісімге келді

Сондай-ақ бұған дейінгі кездесулердің нәтижелері де талқыланыпты. Контейнерлік пойыздардың Илецк-1 (ҚР) бастап Кинельге дейін техникалық тұрғыдан қауіпсіз қатынауына кепілдік орнатылып, бұл Орынбор станциясында тоқтау уақытын 90-нан 60 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар Қарталы мемлекетаралық өткізу станциясында контейнерлік пойыздарды өңдеу 300-ден 150 минутқа дейін қысқарған.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жеделдетілген режимдегі қозғалыс кестесі әзірленді. Атқарылған іс-шаралар орташа бағыттық жылдамдықты Илецк – Кинель учаскесінде тәулігіне 1230 километрге дейін, ал Қарталы – Кинель учаскесінде тәулігіне 1410 километрге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

"Пойыздар нақты кесте бойынша жүретін болса, онда бұл тасымал тиімділігін арттырады. Біз Қытай – Қазақстан – Ресей – Беларусь – Еуропа бағытының тұрақты дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", -  деді Әлмағамбетов кездесуде.

Тақырып бойынша

Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты
Қазақстан мен Ресей премьерлері ынтымақтастықты нығайту мəселесін талқылады
ТМД-ның цифрлық интеграциясы: Қазақстан мен Ресей алда келеді
Қазақстан мен Ресей шекараға қатысты мәселелерді келісті
Кілт сөздер:
Қазақстан, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып