05:03 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Қасым-Жомарт Тоқаев

"Негізсіз шығындарды қысқарту керек": Тоқаев бюджетке қатысты тапсырма берді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Экономика
Қысқа сілтеме алу
228801

Президент республикалық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жобасы туралы баяндама тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз — Sputnik. Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Жиынға премьер-министр Асқар Мамин, премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов, премьер-министрдің орынбасарлары – Бердібек Сапарбаев пен Жеңіс Қасымбек, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, сондай-ақ президент әкімшілігінің басшылығы қатысты.

Кеңес барысында президент республикалық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жобасының негізгі параметрлері туралы баяндама тыңдады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев әл-Фараби мен Абайдың мерейтойларына қатысты тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет жобасының теңгерімді және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сай екенін айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және бюджеттің кірісін одан әрі ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Президент бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығыстарды оңтайландыруға, есеп комитетімен өзара тығыз ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ негізсіз имидждік және консалтингтік шығындарды қысқартуға шақырды.

Соңында мемлекет басшысы үкіметке бюджетке бақылауды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, бюджет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан барынша тиімді әрі маңызды жобаларды қаржыландыруы тиіс.

Тағы оқыңыз: "Бізге сын": Тоқаев жаңа тапсырмалар берді

Тақырып бойынша

Тоқаев үкімет пен парламентке тапсырма берді
"Бұл дұрыс емес": Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алды
Тоқаев Нұрпейісов пен Сәпиевті жаңа қызметке тағайындады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, бюджет
Загрузка...

Басты тақырып