15:15 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
зейнетақы қоры

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс - Тоқаевтың тапсырмасы

© Sputnik / Тимур Батыршин
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы - 2019 (26)
2508770

Тоқаев зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға үлкен мән беру қажеттігін баса айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды үкіметке тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үкімет пен ұлттық банк біраз шаруа атқарып, зейнеатқы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет. Бүгінде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат бар. Бірақ ол ақшаның зейнетке дейін пайдаланамын дейтін адамды да түсінуге болады. Сондықтан үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Тоқаев алғашқы жолдауды жариялау кезінде.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болады.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында алғашқы Қазақстан халқына жолдауын жариялап жатыр. 

Тақырып:
Президент жолдауы - 2019 (26)

Тақырып бойынша

Мемлекет басшысы қандай жағдайда митинг өткізуге рұқсат етілетінін мәлімдеді
"Мемлекеттілікті жоғалтып алуымыз мүмкін": Тоқаев басты қауіпті атады
Тоқаев: халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын
Қазақстанда шағын бизнес салықтан босатылады – президент жолдауы
Тоқаев келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы қаншаға өсетінін айтты
Тоқаев педофилияға қарсы қылмыстық жазаны қатаңдатуды тапсырды
Кілт сөздер:
Жолдау - 2019, зейнетақы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып