Экономика

Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерді төрт-ақ айда салатын болады

© Sputnik / Владислав ВодневГородские жилые дома
Городские жилые дома - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұндай нәтижеге модульдік блоктардың, яғни дайын бөлмелердің арқасында қол жеткізуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Салынып жатқан жаңа зауыт астанадағы "Астана – жаңа қала" АЭА №1 индустриялық паркінің аумағында орналасқан.

© Официальный сайт премьер-министраАсқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысты
Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерді төрт-ақ айда салатын болады - Sputnik Қазақстан
Асқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысты

Тағы оқыңыз: Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысты тапсырма берді

Модульді үй құрылысы – Германия, Сингапур, Қытай сынды елдерде қолданылатын тұрғын үй салудың заманауи озық технологиясы. Ол ғимараттарды тез, сапалы салуға мүмкіндік береді. Мәселен, таза әрленген 16 қабатты бір кіреберісті тұрғын үй әдетте 12-18 ай салынса, бұл технологиямен үйді небәрі 4 айдың ішінде тұрғызуға болады. Мұндай нәтижеге модульдік блоктардың яғни дайын бөлмелердің арқасында қол жеткізіледі. Олар конструктор бөлшектері тәрізді біртұтас болып жинақталады.

"Құрылыс секторы – Қазақстан экономикасының ең серпінді дамып келе жатқан саласы, өсімі 11,5% құрайды. Бұл жоба халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясының дамуына серпін береді", — деді Қазақстан премьер-министрі зауыт қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, зауыт 700-ден астам жұмыс орнын құруға жол ашып, жылына 405 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Депутат Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік тұрғын үйлердің қорқынышты екенін айтты

Зауыттың бірінші кезеңі осы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ал екінші кезеңі – 2020 жылы, үшінші кезеңі 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

© Photo : Официальный сайт премьер-министраАсқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысты
Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерді төрт-ақ айда салатын болады - Sputnik Қазақстан
Асқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысты

Кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар үшін дуалды білім беру жүйесі қарастырылып отыр.

Жаңалықтар
0