05:36 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Флаги Китая

Қытайдың ескі зауыттары Қазақстанға көшіріле ме - министрлік жауап берді

© AP Photo / Ng Han Guan
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1420 0 0

Министрліктің мәліметі бойынша осы күнге дейін Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 8 жобасы іске қосылды, оның барлығында қазақстандық мамандар жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Қытайдың ескі зауыттары Қазақстанға көшіріледі деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыртқы істер вице-министрі Ермек Көшербаев әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпаратты жоққа шығарып отыр. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға ескі зауыттар көшірілмейді.

"Менің естуімше, блогерлер тарататын және WhatApp-та жүрген роликтерде "Қазақстанға 55 ескі зауыт көшіріледі" деген әңгіме бар. Ондай бағдарлама жоқ. Ескі зауыттарды ешкім әкелмейді. Ондай ой болса да, біздің комиссия оған жол бермейді. Себебі барлық жобаны біз өзіміз таңдаймыз, тиісті мемлекеттік сараптамадан да өткізіп тұрамыз", - деп атап көрсетті Көшербаев.

Екі елдің бірлескен 55 жобасына бірнеше министрлік жауапты. Олар – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (27 жоба), ауыл шаруашылығы министрлігі (7 жоба), энергетика министрлігі (20 жоба). Сондай-ақ, бір жоба "Астана" халықаралық қаржы орталығына тиесілі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержановтың айтуынша, барлық жоба Қазақстан мен Қытай үкіметі арасындағы келісімнің негізінде қолға алынып отыр. Осы уақытқа дейін 8 жоба іске қосылды.

"Мәселен, биыл үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын кәсіпорын пайдалануға беріледі. Сол жерде 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, осы жобалардың аясында жергілікті мамандарды оқыту, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу және қазақстандық жұмысшылардың біліктілігін арттыру жоспарланған. Соның нәтижесінде шетелдік жұмыс күші айтарлықтай азаяды", - деді Ержанов бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, әрбір жобаның құрылысына және ол пайдалануға берілген алғашқы кезеңде шетелдік мамандар тартылады. Артынан жергілікті мамандарды оқыту арқылы шетелдік қызметкерлерді алмастыру жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Қытайдан алған қарызын уақытынан бұрын қайтарды

"Мысалы, осы уақытқа дейін пайдалануға берілген барлық кәсіпорында, көбінесе, өзіміздің мамандарымыз жұмыс істеп жүр. Ақтоғай тау-кен комбинатын алайық, бас кезінде ол жерде қытайлық мамандар қызмет етті. Бүгінде комбинаттың басшылық құрамына отандық мамандар ғана кіреді", - деп атап көрсетті Ержанов.

Бірлескен 55 жобаның жалпы құны – 27,5 миллиард доллар. Олар көлік құрастыру, құрылыс, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп өнімдерін шығару, химия мен фармацевтика, мұнай-газ, энергетика және тағы басқа салаларды қамтиды.

"Осы жобалардың негізінде бірқатар жоғары технологиялық кәсіпорындар құрылады деген жоспарымыз бар. Соның арқасында жоғары сапалы отандық өнімдер шығарылады", - деп атап көрсетті Ержанов.

Тақырып бойынша

"Бұл - маңызды оқиға": Тоқаев Қытай елшісімен не туралы сөйлесті?
Сахнадан құлап бара жатқан Қытай төрағасын Путиннің күзетшілері ұстап қалды – видео
Қауіпсіз жерде болу керек: Қытай билігі тұрғындарға ескерту жасады
 "Жаңа парақты ашамыз": Тоқаевқа Қытай басшысы хат жолдады
Ауыл тұрғындары мен қытай компаниясының жұмысшылары төбелесіп кетті – видео
Қытай төрағасы Назарбаевқа жеделхат жолдады
Кілт сөздер:
қытай
Загрузка...

Басты тақырып