03:13 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев еуразиялық интеграция бағытын жалғастыра ма – сарапшы пікірі

© Sputnik / Владислав Воднев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Сергей Рекеда Еуразиялық экономикалық одақ, кейбір саясаткерлер айтатындай, "бюрократиялық және аса таңдаулы жоба" емес деп санайды

МӘСКЕУ, 5 қыркүйек – Sputnik, Жәния Орынқаева. Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан Орталық Азиядағы көршілеріне тағы да жақындай түседі, ал жаңа президент еуразиялық интеграция бағытын жалғастырады, деп есептейді Ресейдің Интеграциялар болашағын зерттеу орталығының бас директоры Сергей Рекеда.

Назарбаевтың ЕАЭО-дағы мұрасы

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы лауазымына кіріскен күннен бастап, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының сабақтастығын атап өтті. Елдің жаңа басшысының мұндай саясаты еуразиялық интеграцияны дамытудың маңызды факторы болып саналады, дейді Рекеда.

Генеральный директор российского Центра изучения перспектив интеграции Сергей Рекеда
© Sputnik / Лев Рыжков
Ресейдің Интеграциялар болашағын зерттеу орталығының бас директоры Сергей Рекеда

"Біз Қазақстанның екінші президенті еуразиялық интеграцияны дамытуды жалғастыратынын көріп отырмыз, ал Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы лауазымын иеленді, менің ойымша, оның осы бірлестіктің даму стратегиясын айқындауға мүмкіндігі болады", - деді Сергей Рекеда Sputnik Қазақстан тілшісіне Мәскеудегі "МедИАЦия" халықаралық журналистика мектебінде.

Сондықтан кейбір сарапшылардың Еуразиялық экономикалық одақ оны құрған бастамашылар кетісімен бюрократиялық және аса таңдауды жоба ретінде тарихқа кетеді деген пікірі ешқандай сын көтермейді, деп атап өтті Рекеда.  

Сарапшы Тоқаев Қазақстанның мұрагерлік сыртқы саяси белсенділігі мен көпвекторлы саясатын сақтайды деген сенімде. Бірақ жақын болашақта Орталық Азия шеңберіндегі аймақішілік интеграция бағыты үлкен мәнге ие болады.

Тоқаевтың реформалары

Интеграциялық орталықтың басшысы биыл күзде Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болуы мүмкін екенін болжады.

 Рекеданың пікірінше, Қазақстанда мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу қажеттілігі туралы пікірталастар жалғасады. Мемлекет басшысы кадрлық ауыс-түйістерді жалғастырады және мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға тырысады. Тоқаев шенеуніктерді халыққа жақындауға мәжбүрлейді. Мемлекеттік аппаратты қайта құрып, ішкі элиталық күштердің жаңа тепе-теңдігін іздейді.

ЕАЭО қатысушылары әлеуметтік мәселелерді қалай шешеді

ЕАЭО әр түрлі елдермен құратын еркін сауда аймақтары (ЕСА) тауар айналымының өсуіне ықпал етеді, деп есептейді Сергей Рекеда.

Еркін сауда аймағы туралы алғашқы келісім 2015 жылы Вьетнаммен жасалған. Нәтижесінде, ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы жыл сайын 30% өсіп келеді.

Қазақстан алғаш рет Вьетнамға астық экспорттады, Беларусь осы елмен машина жасау саласында бірлескен кәсіпорындар ашты, Ресей-Вьетнам тауар айналымының көлемі рекордтық деңгейге жетті.

Иранмен ЕСА туралы келісімі көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Осы жылдың қазан айында Еуразиялық экономикалық одақ пен Сербия арасында ЕСА туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

"Бұл келісімдер – ЕАЭО саясиландырылған және "посткеңестік кеңістікті қайта құруға" әрекет жасап жатыр деген айыптаулардың негізсіз екендігінің дәлелі. Еуразиялық бестік әртүрлі экономикалық әлеуеті бар мүлдем басқа елдермен ынтымақтасуға ашық", - деп атап өтті Рекеда.

ЕАЭО елдерінің Қытаймен интеграциядан қауіптенуіне негіз бар ма

Ресейдің интеграция орталығы басшысының пікірінше, ЕАЭО-ға мүше елдер үшін Қытаймен қатынас жасау мәселесі қазір тұжырымдама сатысында. Барлық ел үшін Қытаймен өзара әрекеттесудің рецепті прагматизм саясатына құрылуы мүмкін.

"Басты мәселе Қытаймен ынтымақтастық орнату немесе орнатпауда емес, онымен қарым-қатынасты қалай құруда болып отыр. Мұндай алып елмен АҚШ қана тең жағдайда қатынас жасай алады. Сондықтан интеграциялық модульдерді құру Қытаймен диалог үшін толық прагматикалық құрал болып табылады", - дейді Рекеда.

ЕАЭО елдері жыл соңына дейін қандай келісімдерге қол қояды

ЕАЭО аясында көптен күткен құжат – бұл Еуразиялық одақтың толыққанды ортақ еңбек нарығын қалыптастыруға елеулі үлес қосатын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім.   

Қатысушы елдер бұған дейін өздерінің ұстанымдары туралы келісімге келді, қазір жоба ашық талқыланып жатыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін, сарапшылардың болжамына сәйкес, Иранмен еркін сауда аймағы күшіне енеді және Сербиямен сауда келісіміне қол қойылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, ұстанымдарды үйлестіру, нормативтік құқықтық актілерді, ортақ нарықтарды қалыптастыру, тарифтік емес кедергілерді бекіту және жою жұмыстары жалғасады.  

Тақырып бойынша

Ресей Қазақстанның басты одақтасы болып қала береді - Назарбаев
Асқар Мамин ЕАЭО-дағы әріптестерімен киіз үйде бас қосты – фотодерек
Мамин премьерлерге жалпы ішкі өнімді қалай өсіру қажеттігін айтты  
ЕАЭО премьер-министрлері Қырғызстанда қандай мәселе талқылап жатыр?
ЕАЭО бизнестің мүддесін ескереді - Еуразиялық экономикалық комиссия
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып