Экономика

Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,3%-ке дейін өсті

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл өсімді сақтау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар жаңа инвестициялар тарту керек, деді министр Дәленов

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,3%-ке дейін жетті. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл тамызда ел экономикасы орнықты серпінді сақтады. Сегіз ай ішінде ЖІӨ өсуі 4,3% дейін үдеді. Халықаралық рейтинг агенттіктері еліміздің кредиттік рейтингін инвестициялық тартымдылық деңгейінде растауына оң ықпал етті. Өсудің басты факторлары – инвестициялық белсенділік және нақты сектордағы өндірістің ұлғаюы", - деді министр үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, инвестицияның өсімі 10,7%-ті құрады. Ең жоғары инвестициялық өсім ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және өнеркәсіпте байқалды.

"Жылдық инфляция нысаналы дәліз шегінде сақталып, 5,5%-ті құрады", - деді ол.

Калькулятор, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк: қазанда инфляция өсімі болуы мүмкін
Дәленов ЖІӨ-ді осы деңгейде (4,3%) сақтау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар келесі шараларды қаматамасыз етуі қажет екенін айтты.

Олар: негізгі капиталға салынған жаңа инвестицияларды тартуға жаңа серпін беру үшін нақты шаралар қабылдау; экономика салаларында қол жеткізілген қарқынды төмендетпеу; меморандум аясында бекітілген жалпы өңірлік өнімнің өсуін қамтамасыз ету; тұтынушы тауарларына, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде жеміс-көкөніс тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу.

Оның сөзінше, өнеркәсіп өндірісі жыл басынан бері 3,2%-ке дейін өсті. Өсу қарқыны жағынан өңдеу өнеркәсібі кен өндіру өнеркәсібінен алда тұр.

"Көмір өндіру бойынша жағдай айтарлықтай жағымды емес. Осы жылғы қаңтар-тамызда өндіріс көлемінің қысқаруы жалғасты. Төмендеу 3,0%-ті құрады", - деді Дәленов.

"Ал құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 11,8%-ке өскен.
"Қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 1,7%-ке, 53,8 миллиард долларға дейін ұлғайды. Экспорт көлемі 32,9 миллиард долларға жетті. Импорт 20,9 миллиард долларды құрады", - деді министр.

Жаңалықтар
0