19:08 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Депутат Азат Перуашев

Перуашев кредиті кешірілгендер қандай қиындыққа тап болатынын айтты

© Sputnik / Абзал Калиев
Экономика
Қысқа сілтеме алу
2124243

Депутаттың ойынша, кредитті кешіргеннен кейін банктен несие алу қиындайды. Себебі берешек мемлекет тарапынан өтелсе, банк ондай қарыз алушыларға басқаша қарайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мұқтаж адамдардың кредитін кешіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл жерде әділетсіздік бар. Себебі кредитті төлемеген адамдарға жеңілдік жасалып отыр. Ал тура сондай көп баласы бар, бірақ уақытында төлеп отырғандарға ештеңе жоқ. Қалай төледіңіз, тура солай төлей беріңіз деген сияқты", - деді Перуашев журналистерге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, осы акцияны бастаудың алдында барлық мәселені ескеру керек еді. Сөйтіп, заң аясында реттеп қойған дұрыс. Депутат кредит алғанда мүмкіндікке қарау қажет деп санайды.

"Кредитті жабуға жағдайым болмаса, мен оны алмайтын едім. Мәселе сонда ғой", - деп атап өтті Перуашев.

Тағы оқыңыз: Мемлекет қарызын өтегендерге қайта кредит беріле ме?

Оның ойынша, кредитті кешіргеннен кейін банктен несие алу қиындайды. Себебі берешек мемлекет тарапынан өтелсе, банк ондай қарыз алушыларға басқаша қарайтын болады.

"Банктер ол адамдарға күдікпен қарайды. Себебі бұған дейін қарызды өз күшімен жаба алмады. Сондықтан осы мәселені де заңмен реттеп қою керек еді", - дейді Перуашев.

Айта кетсек, президенттің жарлығына сәйкес көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, асырушысынан айырылғандар және атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың кредитінің 300 мың теңгесі мен оған жазылған өсімпұлдары кешіріледі. Бірақ қарыздың жалпы сомасы 3 миллионнан аспауы керек.

Тағы оқыңыз: Кредит бойынша қарыздың кешірілгенін қалай білуге болады?

Бүгінде кредиті кешірілетін адамдардың тізімі электронды үкімет порталында бар. Сол жерде электронды-цифрлық қолтаңба арқылы кез келген адам тізімде бар-жоғын тексере алады. Сондай-ақ, "111" байланыс орталығына хабарласып, қажетті ақыл-кеңес алуға мүмкіндік бар.

Тақырып бойынша

Тоқаев жарлығы: ерлі-зайыптының кредиті қалай өтеледі?
Кредиттің 300 мың теңгесі неге өтелмей жатыр – министрлік түсініктеме берді
"Әлі де кеш емес": министрлік кредиті өтелетіндердің қосымша тізімі туралы айтты
Қазақстанда кредит беру шарттары өзгереді
Кілт сөздер:
депутат, кредит
Загрузка...

Басты тақырып