Экономика

"Жеделдету керек": Мамин кредит бермей отырған әкімдерді сынға алды

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Аскар Мамин
Премьер-министр Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр кредитке бөлінген 82 миллиард теңгенің 50 пайызы ғана игерілгенін атап өтіп, нақты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин " Бастау Бизнес" жобасы аясында бюджет қаражатының дұрыс игерілмей жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министрдің айтуынша, биыл осы бағдарлама аясында 5 мыңнан астам адам өз кәсібін ашып, 8 500 жұмыс орнын ашты. Дегенмен, бағдарламаның біраз қаржысы игерілмей жатыр.

"Жылдың аяғына дейін төрт айдан аз уақыт қалды. Ал шағын кредит беруге бөлінген 82 миллиард теңгенің 50 пайызы ғана игерілген. Бұл жерде Маңғыстау, Алматы облыстары мен Шымкент қаласы артта қалып отыр. Осы өңірлерге бюджет қаражатын тиімді игерген Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан үлгі алған жөн", - деді Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Осы орайда үкімет басшысы екі аптаның ішінде кредиттің ақшасын игеру бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасына қатысатындардың санын арттыру міндеті жүктелді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қарағанды облысының жаңа әкіміне қандай міндет жүктегені белгілі болды 

"Атамекен" ұлттық палатасы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылардың санын ұлғайтып, бизнес ашқандардың немесе кеңейткендердің санын 20-дан 30 пайызға дейін жеткізу мәселесін пысықтауы қажет. Сонымен қатар, шағын кредит беру мен грант беру бойынша көзделген барлық жоспардың орындалуын жеделдету керек. Әкімдер осы мәселені бақылауға алыңыздар", - деп атап көрсетті Мамин.

Жаңалықтар
0