12:36 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Қасым-Жомарт Тоқаев

"Шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс": Тоқаев кеңесте маңызды мәселені көтерді

© Photo: Сайт Акорды
Экономика
Қысқа сілтеме алу
521800

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен экономикалық мәселелер жөніндегі отырыста бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерді біртіндеп азайту қажет деген пікір білдірді. Ақордада экономикалық мәселелер жөніндегі отырыс өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, қордағы қаражатқа аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана жүгіну керек.

"Үкімет бірінші кезекте республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне назар аударуы қажет. Ұлттық банк Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың түсімін арттыру мақсатында қаражатты басқару жолдарын қайта қарастыруға міндетті. Активтерді дұрыс басқару Ұлттық қордың көлемін айтарлықтай арттыра алады", – деді мемлекет басшысы.

Президент банктердің жұмысын да сынға алды. Олар әлдеқайда көп табыс табу үшін ресурсын тұтынушылық кредитке бағыттайды. Демек бизнесті несиелендіру көлемі азаяды. Тоқаев Ұлттық банк бұл саясатқа өзгеріс енгізуі керек екенін айтты.

"Ұлттық банк осы саясатқа шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс. Қаржы реттеушісінің мәліметі бойынша, экономиканың әр секторының 50 пайыздан астамы – банктердің мүддесін көздейтін орнықты әрі қаржылай тәуелсіз кәсіпорындар. Алайда олар банк несиелерін тартуға құлықсыз. Неге? Мүмкін коммерциялық банктер белгілейтін шарттарды ол кәсіпорындар тиімсіз деп санайтын шығар. Ұлттық банк алдында қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету немесе нақты секторды несиелеуді дамыту таңдауы тұр. Сондықтан тиімді шешім қабылдауы керек, – деді президент.

Ақша-кредит саясатының стратегиясы

Президент 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының стратегиясын жасауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті коммуникация мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жақсартуға шақырды. Бұл өз кезегінде нарыққа қатысушылар мен тұрғындардың сенімін арттырып, девальвацияға қатысты түрлі "болжамның"алдын алады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев екі заңға қол қойды

Ақордада өткен отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, ақша-кредит саясатын жүзеге асыру, атаулы әлеуметтік көмек реформасы мен әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Тақырып бойынша

250 млн доллар: Әзербайжан банкіндегі зейнетақы қаржысының тағдыры не болды?
Сапарбаев зейнетақы жинағын алуға рұқсат берудің шарттарын атады
Досаев енді кімдерге кредит берілмейтінін айтты
Депутат ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды
Смайылов мемлекет ақшасын игермеген министрліктерді атады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорда
Загрузка...

Басты тақырып