07:31 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3373 0 0

Зейнетақы жинақтары баспана мен білімге жұмсалуы қажет. Осыған байланысты жинақтарды пайдаланудың сан алуан жолдары қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға қатысты бірнеше ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. Бірақ жұмыс тобы әлі біреуін де қабылдамаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген вице-министр Ақмәди Сарбасов осы мәселені талқылау барысында бірнеше ұсыныстың айтылғанын жеткізді. Бірақ нақты қандай ұсыныстар екенін айтпады. Себебі жұмыс тобы әлі бір шешімге келмеген.

"Зейнетақы жинақтары баспана мен білімге жұмсалуы қажет. Тапсырма солай болды. Осыған байланысты жинақтарды пайдаланудың сан алуан жолдары қаралып жатыр. Бірақ әзірше нақты нұсқалар жоқ. Барлық ұсынысты жан-жақты зерделеу керек. Себебі әрбір адамның жинаған зейнетақы жарнасы әртүрлі", - дейді Сарбасов.

Оның айтуынша, нақты ұсыныстар жылдың аяғына дейін әзірленеді.

"Бізде тапсырма бар. Жылдың соңына дейін нақты ұсыныстар дайын болады. Жұмыс тобының жұмысы жалғасып жатыр. Бір айдың ішінде кейбір мәселелер пысықталады деп ойлаймын. Енді, дәл қазір өзара келісілген ұсыныстар жоқ. Сол себепті әзірше ештеңе айта алмаймын", - деп түйіндеді Сарбасов. 

Тағы оқыңыз: Сапарбаев зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат берудің шарттарын атады 

Айта кетейік, қыркүйектің басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты тапсырма берген болатын.

"Үкіметке жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мәселен, ол ақшаны баспананы сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады", - деді Тоқаев.

Тақырып бойынша

"Тоқтату керек": белгілі экономист Тоқаевтың ұсынысын қолдамады
Тоқаев 5% қосымша зейнетақы жарнасын аударуды кейінге шегерді
Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс - Тоқаевтың тапсырмасы
Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – толық мәтін
Кімдерге зейнетақы жинағын алуға рұқсат берілетіні айтылды
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып