Экономика

Енді шағын және орта бизнестен түсетін салық жергілікті бюджетке беріледі

© Sputnik / Болат ШайхиновСалық кодексі
Салық кодексі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ал ірі кәсіпорындардан түсетін корпоративтік табыс салығы республикалық бюджетке түседі, бүгін мәжілісте тиісті заң жобасы мақұлданды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаттары 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беруді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бір адам 65 миллион қарыз: Салық төлемей жүргендердің аты-жөні жарияланды
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Құжатта 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджеттерге беру ұсынылған. Ал ірі кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік табыс салығы республикалық бюджетке түседі.

"Респубикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын төлейтін ірі кәсіпорындардың тізімі жасалады. Ол ұлттық экономика министрлігі мен қаржы министрлігінің бұйрығымен үш жылға бекітіледі және өзгермейді. Егер үш жыл ішінде ірі бизнес орта бизнес санатына ауысса, оның корпоративтік табыс салығы республикалық бюджетке түсетін болады. Бұл үшін арнайы тетік қарастырылған", - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, облыстық мәслихаттарға шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын облыстық және аудандық бюджет арасында бөлу нормативін белгілеу құқығы беріледі.

"Жергілікті бюджеттерге корпоративтік табыс салығын беру өңірлердің экономикасын, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырады. Жергілікті бюджеттердің табысын ұлғайтады", - деді министр.

Бұдан бөлек, заң жобасы аясында елорда атауының өзгеруіне байланысты 4 кодекс пен 7 заңға түзетулер енгізіледі.

Құжатта кейбір күш құрылымдарын қайта ұйымдастыру бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген.
Осылайша, заңнамалық актілерге Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметінің қайта ұйымдастырылуына, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің қосылуына байланысты өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңалықтар
0