15:08 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Омбы облысының губернаторы Александр Бурков пен Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Жоғары технологиялар: Ресей мен Қазақстан өңірлерінің мүмкіндіктері көрмесін ашты

Омбы облысы үшін Қазақстанмен ынтымақтастық не үшін маңызды?

© Photo : Сайт правительства Омской области
Экономика
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Осы жылдың басынан бастап Қазақстан мен Омбы облысы арасындағы тауар айналымы өсіп жатыр, деді губернатор Александр Бурков

OMБЫ, 6 қараша – Sputnik. Қазақстан Омбы облысының басты экономикалық серіктесі болып есептеледі, деді өңір губернаторы Александр Бурков. Облыс үшін көрші елдердің кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнату маңызды.

"Қазақстан Омбы облысының басты серіктесі. Сыртқы сауда айналымының төрттен бір бөлігі Қазақстанға қатысты. Өткен жылы ол 140 миллиард доллар болды. Биылғы сегіз айдың ішінде Омбы облысы мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының 22% өскенін байқап отырмыз. Экспорт 23%, импорт 19% артқан", - деді Бурков "Жоғары технологиялар: Ресей мен Қазақстан өңірлерінің мүмкіндіктері" көрмесін аша отырып.   

Участниками выставки стали компании двух стран
© Photo : Сайт правительства Омской области
Көрмеге екі елдің компаниялары қатысты

Оның айтуынша, бұл көрсеткіштер Омбы облысы мен Қазақстанның өзара сауда-экономикалық қатынастары дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Омбы облысының аумағында қазақстандық тараптың қатысуымен 192 кәсіпорын жұмыс істейді, деп атап өтті Александр Бурков.

Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ынтымақтастықты дамытудың бірнеше бағытын атады.

"Біріншісі – ауыл шаруашылығы. Қазақстан – аграрлы ел, ал Омбы – Ресейдегі маңызды ойыншы. Сіздер мен бізде бар технологиялар бір-бірін толықтырады. Біз ынтымақтастықты жалғастырамыз. Тағы бір маңызды сала – мұнай химиясы. Ынтымақтастықтың үшінші бағыты – қаржы", - деп түсіндірді ол.

Төребаев Омбы бизнесін "Астана" халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

Участники форума на выставке высоких технологий в Омске
© Photo : Сайт правительства Омской области
Форумға қатысушылар Омбыдағы жоғары технологиялық көрмеде

Ол білімді тағы бір келешегі зор сала деп атады. Омбы облысында жақсы ғылыми-техникалық база бар, ал Қазақстанда жоғары білікті кадрларға сұраныс жоғары деді ол.

"Жақсы мамандар пулына ие болу үшін бізге Омбы жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық керек", - деп толықтырды Төребаев.

6 қарашада Омбыда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды. Қатысушылар үшін жоғары технологиялар көрмесі ашылды.

7 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен жалпы отырыс өтеді деп жоспарланған.  

Тақырып бойынша

Ресей 11,6 мың гектар жерді Қазақстанға қайтарады  
Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі
Қазақстан ресейлік 100 вагонды сатып алады – оған қанша қаржы жұмсалады
Қазақ режиссерінің фильмі Ресейдегі фестивальде бас жүлдені иеленді  
Омбы қазақтары ана тілі мен салт-дәстүрін қалай сақтап қалды?
Загрузка...

Басты тақырып