Экономика

Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады

© Sputnik / Айгюзель Кадир Приготовления перед XVI форумом межрегионального сотрудничества Казахстана и России
 Приготовления перед XVI форумом межрегионального сотрудничества Казахстана и России - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дипломат Алексей Бородавкин Қазақстан мен Ресей екі жақты ынтымақтастықтың оң қарқынын қалай сақтап отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша– Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Sputnik Қазақстан-ға сұқбат беріп, екі ел ынтымақтастығының жетістіктері және байланысты одан әрі дамыту жоспары жайлы айтты.

© Sputnik / Владислав ВодневРесейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады - Sputnik Қазақстан
Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин

– Бүгін Омбыда "Шекара бойындағы әріптестікті дамытудың өзекті мәселелері" атты Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Оған алғаш рет Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Сіз шекара маңындағы екі жақты әріптестіктің қандай аспектілеріне басымдық берер едіңіз?

– Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы мемлекет басшылар деңгейінде бірге атқарылған бір жылдық жұмыстың қорытындысын шығаруға арналған дәстүрлі алаңға айналды. Шынымен де, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шараға алғаш рет қатысады. Дегенмен, оның форум дәстүрін жалғастыратынына еш күмән жоқ. Мәселен, конструктивті диалог, өзекті мәселелерді жедел шешу, өзара тиімді одақтастық қатынас және ықпалдастық әріптестіктің векторы мен перспективті бағыттарын анықтау бойынша жұмыс атқаратынына сенімдімін.

Тағы оқыңыз: Омбы форумының алғашқы күні қалай өтті?

Өздеріңіз білетіндей, шара барысында шекара бойындағы ынтымақтастықтың Қазақстан-Ресей бағдарламасының тұжырымдамасын таныстыру жоспарланып отыр. Бұл құжат сауда көлемін арттырып, мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға негіз болмақ. Бұған қоса, екі елдің көршілес аймақтарының бірлескен, кешенді және үйлестірілген әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын бермек.

– Қос мемлекет арасындағы экономикалық ықпалдастық тұрғысынан 2019 жылғы ең маңызды қандай бес жетістікті атар едіңіз?

– Қазақстан - Ресейдің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Биыл біздің елдер ықпалдастық байланысты нығайту үшін көп жұмыс атқарды. Бұл өз нәтижесін берді: сауда айналымы өсіп барады, бірлескен жобалар жүзеге асуда, сауда операциялары бойынша өзара есеп айырысуда ұлттық валюталар үлесі артып келеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан-Ресей шекарасында балаға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды

Статистикалық мәліметке сүйенсек, әлем экономикасының алдында тұрған қауіп-қатерге қарамастан Қазақстан мен Ресей екі жақты ынтымақтастықтың оң қарқынын сақтап қалып отыр.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқыңыз.

Жаңалықтар
0