Экономика

Әлемдегі ең әдемі ақша: теңге жайлы қызықты деректер - видео

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная валюта Казахстана тенге
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15 қараша - Ұлттық валюта күні, Қазақстан төл ақшасын 1993 жылы айналымға енгізді. Жиырма алты жыл бұрын таңғы сегізде кеңестік рубльді теңгеге айырбастау басталды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша — Sputnik. Қазақстан президентінің телерадиокешені теңге жайлы қызықты мәліметтер жариялады.⠀

  • Бұл атау ортағасырлық түркі күміс монеталарының "денге" сөзінен шыққан.
  • Ұлыбританияның "Харрисон және Сонс" (H&S) шағын отбасылық баспаханасы қағаз ақшаның бірінші партиясын басып шығарды. Бұл жұмыс оларға бүкіл әлемге танымалдылық және ең жақсы экспорттық тауар үшін патшайым II Елизаветаның алтын белгісін алып келді.
  • Алғашқы қазақстандық монеталар Германияда жезден және никель күмістен жасалды.
  • Ұлттық валюта дизайнының бас авторы - сәулетші және суретші Тимур Сүлейменов.
  • Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енгізілді.
  • Таңертеңгі 8-де кеңестік рубльді теңгеге айырбастау басталды, ол 5 күнге созылды.
  • 2006 жылы теңгенің жаңа нышаны таңдалды - ₸ (коды - U + 20B8), авторлары Вадим Давиденко және Санжар Амерханов.
  • 18 қорғаныс дәрежесі бар әлемдегі ең қорғалатын валюталардың бірі.
  • Үш жыл қатарынан - 2011, 2012, 2013 - әлемдегі ең әдемі ақша деп танылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Prezıdent Teleradıokeshenі (@ptrk.kz)

Ұлттық валюта күні

1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Араға үш күн салып, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізіледі.

Ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде. Атап айтсақ, оларда әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр мен Абылай хандардың суреті болған. 

Кейіннен 2006 жылы теңгеміздің кескіні түбегейлі өзгерді. Ұлттық валютадан тарихи тұлғалардың бейнесі алынып тасталды. Жаңа үлгідегі банкноттар бірыңғай стильде жасалды. Онда заман талабына сай өзгерген Қазақстанның қазіргі келбеті айшықталған. 3 теңгелік номинал жоғалып, 1-ден 100 теңгеге дейінгі қағаз ақша темір теңгеге айналды.

Жаңалықтар
0