Экономика

Ипотеканы атаулы әлеуметтік көмекпен өтеуге бола ма?

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі күнгі маңызды сұраққа "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Мемлекеттен төленетін атаулы әлеуметтік көмекті ипотеканы өтеуге жұмсауға үзілді-кесілді тыйым салынған. Бұл туралы бүгін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет атаулы әлеуметтік көмек арқылы ең алдымен балаларға қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл бірінші кезекте баланың тамақтанып, киініп, өзге қатарластарынан қалмай, мектепке баруы үшін жасалған. Сондықтан атаулы әлеуметтік көмекті ипотеканы өтеуге жұмсау, бұл тіпті "Бақытты отбасы" бағдарламасы болсын, үзілді-кесілді тыйым салынған. Біздің банктің ішкі нормативтік құжаттарымен рұқсат етілмейді", - деді Ибрагимова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық мамандар ақша жинаудың қарапайым үш тәсілін айтып берді

Бұдан бөлек, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев "Бақытты отбасы" бағдарламасына енді барша қазақстандық қатыса алатынын атап өтті.

"Бірінші кезеңде бағдарлама халықтың тек үш санатына ғана арналған еді. Олар көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар. Ал қазір біз шектеу қоймаймыз. Кезекте тұрған азаматтардың барлық санаты қатыса алады. Тек табысына қарай бөлеміз", - деді Өскенбаев.

"Бақытты отбасы" туралы не білеміз?

Он проценттік бастапқы жарна болған жағдайда ипотека жылдық 2%-пен 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Отбасының әр мүшесіне шаққанда бір айлық табыстың мөлшері ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеден аспауы тиіс. Жәрдемақы кіріс ретінде саналмайды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырауда қарыздың ең жоғары сомасы – 15 миллион теңге. Қалған өңірлерде – 10 миллион теңге.

Жаңалықтар
0