08:08 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Ауыл шаруашылық жерлері

Министрлік жерді тиімсіз игеретін шаруалардың "қара тізімін" жариялайды

© Sputnik / Тимур Батыршин
Экономика
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

"Қара тізімге" енгендерге мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Тізімді жылдың соңына дейін жариялау жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жер иеленушілердің ашық тізімін жасауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біріншіден, біз "ашық жер иеленуші" принципін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ондайда егістік пен жайылым жерлеріне қатысты барлық ақпарат ашық жарияланады. Осының арқасында жер иеленушілердің жауапкершілігі артады. Тәртіп болады", - деді Омаров астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, жауапсыз жер иеленушілердің "қара тізімін" жасау жоспарланған. Оған жерді тиімсіз игеріп жатқан шаруалар енгізіледі.

"Ал "қара тізімге" енгендерге мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Біз ондай кәсіпкерлерге көмектеспейміз. Тізімді жылдың соңына дейін жариялаймыз деп ойлаймын. Қазір тиісті материалдар облыстық әкімдіктерге жіберілді", - деп атап көрсетті Омаров.

Тағы оқыңыз: "Ондай болмаған": жерді мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты қандай өзгеріс енгізілді

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстан бойынша 2,2 миллион гектар ауыл шаруашылық жерлері игерілмей жатыр. Қазіргі кезде осы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары атқарылып келеді.

"400 мың гектарға қатысты материалдар сотта қаралып жатыр. 1,2 миллион гектар бойынша қосымша тексеріс жұмыстары атқарылып, тиісті материалдар сотқа дайындалып жатыр. Ал 600 мың гектар жерге қатысты бақылау шаралары қолға алынды. Біз ол жерлерді пайдалану жағын тағы тексеріп жатырмыз. Осыдан кейін барлық материалдар сотқа жіберіледі", - дейді министр Омаров.

Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін 1 миллион 137 мың гектар жер қайтарылды. Мұның барлығы ірі агрохолдингтердің меншігі болған. Бүгінде ол жерлер отандық инвесторларға таратылды.

Тақырып бойынша

"Жерді кері қайтарып аламыз": Шөкеев шаруалар үшін маңызды мәселені көтерді
Мамин үш вице-министрді жазалауды тапсырды
"Қара тізімге" ілінгендерге 2,5 проценттік кредит беріле ме?
Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді – сенат заң қабылдады
Қазақстанда нан қымбаттайды – ауыл шаруашылығы министрі
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, жер, министр
Загрузка...

Басты тақырып