Экономика

1 қаңтардан бастап не өзгереді: министр Дәленов мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневРуслан Даленов
Руслан Даленов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық экономика министрлігі басшысының пікірінше, акцизді көтеру Қазақстандағы инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Бензиннің бір литрінің акцизі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 теңгеге көтеріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

"Акциздердің өсуіне қатысты айтар болсақ, бүгінгі күні қаулы жобасы әзірленіп жатыр, бір литрдің акциз құнына қосымша 10 теңге қосылады деп жоспарлануда", - деді министр Руслан Дәленов дүйсенбіде сенат отырысында.

Ол бағаның аздап өсетінін айтты. Есептеулер жағдайдың инфляцияға немесе шағын және орта бизнес өндірісінің өзіндік құнына айтарлықтай әсер етпейтіндігін көрсетуде, деп атап өтті Дәленов.

Тағы оқыңыз: Бозымбаев шағын литражды көліктер салықтан босатылуы мүмкін екенін айтты

"Бүгінгі күні акциздің ең көп үлесі мұнай өңдейтін және сататын компаниялардың шығындары мен пайдасынан тұрады", - деп толықтырды ол.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі жаңашылдықты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0