16:15 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Байқоңыр көрінісі

Байқоңырда Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы форумы өтуі мүмкін

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Экономика
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Өңіраралық ынтымақтастық форумы болашақта салынатын туристік ойын-сауық аймағының аумағында өтеді деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы Байқоңырда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтуі мүмкін. Бұл туралы "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ирина Ким мәлімдеді.

"Байқоңырда өтуі мүмкін. Бірақ әзірге нақты емес. Сіздер білесіздер, форум бір жылы Қазақстанда, екінші жылы Ресейде өтеді. Біз 2022 жылы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумы туристік ойын-сауық аймағының аумағында өткенін қалаймыз. Жиындардың бірінде осындай идея айтылды", - деп мәлімдеді Ким Sputnik Қазақстанға Baikonyr Invest форумының кулуарында.

2020 жылы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумы Көкшетауда өтеді. Форум экология мен жасыл өсім саласындағы ынтымақтастыққа арналмақ.

Айта кетсек, Байқоңырда арнайы экономикалық аймақ аумағында туристік ойын-сауық аймағы құрылады. Онда әлемдік стандарттарға сай қонақ үйлер, ғарыш музейі, планетарий, этноауыл, шығыс базары, ипподром, аквапарк, зымырандардың ұшу сәтін көруге арналған алаңдар орналаспақ.

Тағы оқыңыз: "Байқоңыр" кешенінде туристік ойын-сауық аймағы құрылады

"Қызылорда облысының әкімдігі инвестор болуға келіскен Оңтүстік Корея фирмасымен меморандум бекітті", - деді Ким.

Қызылордада XI халықаралық Baikonyr Invest инфестициялық форумы өтіп жатыр. Жалпы сомасы 100 миллиард теңгеден асатын жобаларды жүзеге асыру бойынша 25 меморандумға қол қойылды.

Кілт сөздер:
Ресей, форум, Байқоңыр
Загрузка...

Басты тақырып