17:24 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Валюта, теңге, доллар

Келімбетов 2 миллион теңгеге жуық жалақыны кімдер алатынын айтты

© Sputnik / Абзал Калиев.
Экономика
Қысқа сілтеме алу
196701

Бұған қоса, "Астана" басшысы Келімбетов жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға ақшаны сақтауға қатысты кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов басқарушы персоналдың жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірден айтайын, бізде бонус жоқ. Жалақы "Бәйтерек" холдингі деңгейінде. Басқарушы персонал, "Бәйтеректе", менің ойымша, орта есеппен 5 мың долларға жуық (шамамен 1 миллион 900 мың теңге – Sputnik) алады", - деді Келімбетов мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға ақшаны сақтауға қатысты кеңес берді.

"Халықаралық қаржы орталығында істегендіктен, биржаның құнды қағаздарына инвестиция құйып, ҚазМұнайГаздың ІРО-сына дайындалып, биржа жаңалықтарынан хабардар жүруге кеңес беремін", - деді орталық басқарушысы. 

Бүгін мәжілісте "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасы қаралды.

Заң жобасы "инвестициялық резидент" ұғымын және Қазақстанда "инвестициялық салық резиденттігі" бағдарламасын енгізуді көздейді.

Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы - қазіргі таңда дүние жүзінде барынша кеңінен таралған құбылыс. Қазақстанда "Астана" халықаралық қаржы орталығы базасында инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын қолдану ұсынылады. Бағдарлама мақсаты – инвестор мен оның отбасы мүшелеріне Қазақстанға көп мәрте кіру визасын беру арқылы инвестиция тарту. 

Тағы оқыңыз: Бақытжан Сағынтаев қанша жалақы алатынын айтты

"Бірінші кезеңде қаржы орталығының әкімшілігі қаражаттың заңды-заңсыз жолмен табылғанын тексереді. Осыдан кейін әкімшілік ішкі істер министрлігіне тиісті қолдаухат жолдайды. Министрлік тиісті хаттама, процедуралармен бес жылдық визаны беру мүмкіндігін тексереді. Виза ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан заңнамасына сәйкес толық тексеріс жүргізгеннен кейін ғана беріледі. Инвесторға қойылатын шарт – жыл сайын халықаралық қаржы орталығы биржасының құнды қағаздарына 60 мың доллар инвестициялауы тиіс", - деді заң жобасын түсіндірген Келімбетов журналистерге берген сұқбатында.

Осыдан кейін инвестициялық резидентке бес жылға дейінгі мерзімге кіру визасы беріледі.

Әрі қарай, инвестор елде тұрып жатқанына 90 күн өткеннен кейін және бюджетке жыл сайынғы міндетті төлемді (7000 айлық есеп көрсеткіш – 2019 жылы 17,7 миллион теңге) төлегеннен кейін, Қазақстаннан тыс жерлердегі көздерден пайда болған кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Ал Қазақстан ішінде алынған кірістерге, салық кодексіне сәйкес, салық салынады. Шетелдегі кірістерге салық салынбайды.

Тақырып бойынша

Еңбек министрі Қазақстанда қанша қытай жұмыс істеп жүргенін айтты
Даниал Ахметов өз жалақысы туралы айтты
Жалақы 50 процентке дейін өседі: Үкімет бірқатар шараны қолға алмақ
Мұғалімдердің жалақысы өседі: білім министрі тізімге кімдердің ілігетінін айтты
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалақы, "Астана" қаржы орталығы
Загрузка...

Басты тақырып