05:22 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Экономика
Қысқа сілтеме алу
85 0 0

Ресеймен шекарадағы бекеттерді модернизациялау қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселені Қазақстан бірнеше мәрте көтерген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан мен Ресей шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмысын зерттейді. Сондай-ақ, 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленбек. Бұл туралы РИА Новостиге Ресейдің сыртқы істер министрлігінің департаментінің директоры Александр Стерник айтты.

Қазақстан тарапынан осы мәселеге қатысты бірнеше рет мәлімдеме жасалды.

Тараптар жүк пен жолаушылардың шекарадан өту мәселесін 7 қараша күні Омбыда өткен Қазақстан мен Ресей өңіраралық XVI форумында талқыланған болатын.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалы мен жолаушылар ағыны күрт өсіп кетті. Ал бекеттер бұған дайын болмады. Біздің ортақ шекарамыз 7,5 мың шақырым", - деді Александр Стерник.

Өңіраралық форумда бұл мәселеге қатысты ортақ іс-әрекет бағдарламасына қол қойылды.

"Қазіргі уақытта тиісті ведомстволар өткізу бекеттерінің жабдықталуы мен шекаралық облыстарға қаншалықты сай келетінін зерттеп жатыр. Қорытындысы бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс-әрекет жоспарына ("жол картасы") қол қойылады", - деді Стерник.

Тақырып бойынша

ҰҚК Қытайдан қашып келген қандастарға қатысты түсініктеме берді
Енді қазақстандықтар Ресеймен шекарада басқа құжат көрсетеді
Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту жеңілдейді – президент заңға қол қойды
Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы форумы Омбыға не берді – губернатор жауабы
Кілт сөздер:
жол картасы, шекара, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып