Экономика

АҚШ-Ресей: Қазір қандай санкциялар салынып жатыр

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАмериканское посольство в Москве
Американское посольство в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі күні "ауыр санкциялар" АҚШ ақпарат алаңы мен заңнамалық күн тәртібіне оралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазір сенаторлар мен конгрессмендер - рубль, Ресейдің мемлекеттік облигациялары, мұнай компаниялары мен газ құбырларына "соққы" жасауды көздейді, деп хабарлайды РИА Новости.

Америка Құрама штаттары "бонус" ретінде "Ресей - терроризмге демеуші ел" деп ресми түрде жариялауы мүмкін. Оған санкциялық салдар да қосылады.

Америка парламентінде Ресейге қарсы бағытталған бірнеше санкциялық бастама әртүрлі кезеңінде қарастырылып жатқандықтан ресейлік экономика мен қаржы секторының қандай сегменттеріне қысым жасалуы мүмкін екенін кейде болжау қиын.

Егер "жоғарыдан" бүкіл санкциялық ландшафтқа қарайтын болсақ, Ресейге қарсы шаралардың үш пакетін атап өтуге болады. Бұндай бірінші пакет "Солтүстік ағын – 2"-ге қарсы жанама санкцияларды қарастырады.

Бұған қоса, америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ол Штаттардың 2020 жылғы әскери бюджетіне қосылды. Бұл құжатқа сәрсенбі күні конгрессте дауыс берілді.

Тағы оқыңыз: Әскери сарапшы АҚШ-тағы зымыран сынағы жайлы пікір білдірді

Екінші санкциялық пакет – бұл да "Солтүстік ағын – 2" бойынша соққы. Бұл одан да тікелей соққы деп айуға болады.

Егер осы заң жобасына да конгресс пен сенатта дауыс берілсе, одан кейін оған Трамп қол қойса, ресейлік газ құбырының демеушілері, яғни оның құрылысын қаржыландыратын еуропалық компанияларға санкциялар салынады.

Бұл шаралардың тиімділігінде күмән бар әрине, себебі газ құбыры аяқталып қалды, ал барлық қажетті қаржыландыру тартылды.

Ал үшінші санкциялық пакет – бұл "ауыр санкциялар". Олар Ресей банктері, киберсекторы, жаңа мемлекеттік қарызы, мұнайгаз секторы мен кейбір тұлғаларға қарсы болмақ.

Жаңалықтар
0