Экономика

Вице-министр атом электр станциясы қандай жағдайда салынуы мүмкін екенін айтты

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСтроительство АЭС, архивное фото
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Энергетика министрлігі атом электр станциясын салу туралы шешім қуат тапшылығы деңгейіне байланысты болатынын мәлімдеді   

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда электр қуаты тапшылығы туындаған жағдайда атом электр станциясы салынуы мүмкін. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов айтты.

Тағы оқыңыз: Бозымбаев Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты мән-жайды түсіндірді 

Бұрынғы энергетика министрі Қанат Бозымбаев "бұл жоба Қазақстанда жүзеге асырыла ма?" деп сұраған журналистерге электр станциясын салу туралы әлі ешқандай шешім қабылданбағанын жеткізген еді. Оның айтуынша, АЭС салу туралы мәселе көтерілген жағдайда, ол міндетті түрде қоғамдық тыңдауларда қаралады.

"Сол кезде министрліктің ресми ұстанымы айтылды. Біз оны ұстанамыз: қазір біздің нарық электр қуатымен толықтай қамтамасыз етілген. Жалпы, егер болашақта тапшылық болса, атом немесе көмір станциясының біреуін таңдау туралы мәселе қарастырылады", - деді Әсет Мағауов.

Қазіргі уақытта, вице-министр атап өткендей, атом электр станциясының құрылысын бастау туралы айтуға әлі ерте. Соңғы шешімді қабылдауға электр қуаты тапшылығының болу-болмауы ықпал етпек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға қарай Қазақстан электр қуаты жетіспеушілігіне тап болатынын мәлімдеген еді, алайда президент атом электр станциясын салу мәселесінде тұрғындардың пікірі ескерілуі тиіс екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0