01:39 23 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Экономика
Қысқа сілтеме алу
477 0 0

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пәтер жалдауға облыс орталықтарына қарағанда көбірек қаражат бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Депутаттар мен Жоғарғы соттың судьялары 2020 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына іссапармен барғанда пәтер жалдауға тәулігіне 26 510 теңге жұмсай алады. Бұл туралы қызметтік іссапарлар шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережелерінде айтылған.

Мемлекеттік мекеме басшылары мен орынбасарлары, хатшылар, Конституциялық кеңестің мүшелері, президент кеңсесінің басшысы, парламент депутаттары және Жоғарғы сот судьялары үшін тұрғын үйді жалдау құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңырда айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) он есе мөлшерінен аспауы тиіс.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс депутаты мұғалімнің жалақысы қанша болуы керектігін айтты

Облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті есе мөлшерінен, ал аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысындағы Бурабай ауданының Бурабай елді мекенінде бес есе мөлшерінен аспайды.

2019 жылы бір АЕК 2525 теңгеге тең. 2020 жылы АЕК 2 651 теңге болады.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін шығындарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңырда жеті АЕК-тен (18 557 теңге немесе 48,5 доллар), облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда алты АЕК-тен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Бурабай елді мекенінде төрт АЕК-тен, ауылдық округтерде екі АЕК (5 302 теңге немесе 13,8 доллар) аспауы тиіс.  

Тақырып бойынша

Түркістанда жолақы қымбаттауы мүмкін
Депутат Қазақстанда кедейлік шегін өсіруді ұсынды
"Неге күлесіз?!": Нығматулин министр Атамқұловқа ескерту жасады
Елімізде кейбір мұғалімдерге 2,5 миллион теңге сыйақы төленеді
Дариға Назарбаева банктердің неден қорқатынын айтып берді
Депутаттар 2019 жыл несімен есте қалатынын айтып берді - видео
Кілт сөздер:
іссапар, депутат
Загрузка...

Басты тақырып