03:25 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Экономика
Қысқа сілтеме алу
2087 0 0

1,2 миллион микро және шағын бизнес субъектісі үш жыл ішінде 380 миллиард теңгеден аса ақша үнемдейді

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар –Sputnik. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығынан босатылды, деп хабарлайды ұлтытқ экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

"Заңнамаға сәйкес микро бизнес – 15 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 30 мың АЕК (79 миллион теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер, ал шағын бизнес –  100 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 300 мың АЕК-ке (795 миллион теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар", - деп түсіндірді министрлік.

Табысқа салынатын салыққа не жатады

  • заңды тұлғалар үшін – корпоративтік табыс салығы;
  • жеке кәсіпкерлер үшін –  жеке табыс салығы;
  • шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – бірыңғай жер салығы;
  • оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін –  әлеуметтік салық.

"Қалған салықтар мен төлемдер міндеттеме туындаған кезде төленеді", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді

Министрлік арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері салықтан босатылатынын еске салды. Олардың саны – 1,2 миллион. Нәтижесінде бизнес үш жыл ішінде 380 миллиард теңгеден аса ақша үнемдеп, қаражатты өз қызметін дамытуға жұмсай алады.

Кімдер салықтан босатылмайды

  • есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратындар;
  • акцизделетін өнім өндіру және (немесе) көтерме саудада сату;
  • астық қабылдау пунктерінде астықты сақтау бойынша қызмет;
  • лотерея өткізу;
  • ойын бизнесі саласындағы қызмет;
  • радиоактивті материалдар айналымына байланысты қызмет;
  • банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
  • аудиторлық қызмет;
  • бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
  • кредиттік бюролар қызметі;
  • күзет қызметі;
  • азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызмет;
  • жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде алтын іздеушілер қызметі;
  • пайдалы қазбаларды сату, оның ішінде трейдерлер қызметі, көмір, мұнай сату бойынша қызмет;
  • бензин, дизель отыны мен мазуттың, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бөлшек саудада сату;
  • сыртқы экономикалық қызмет.

Өткен жылдың соңында мемлекет басшысы микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жылға босатуды көздейтін заңға қол қойған еді.

Тақырып бойынша

2020 жылға жұлдыз жорамал: тышқан жылы кімдер үшін сәтті болады?
2020 жылдан бастап Шымкентте жер салығы екі есе өседі
Қазақстанда 2020 жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
Тышқан жылы: 2020 жылы болатын маңызды оқиғалар
2020 жылдан бастап көпбалалы ата-аналардың салығы азаяды
Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады?
Кілт сөздер:
табыс, Ұлттық экономика министрлігі, салық, жеке кәсіпкерлер
Загрузка...

Басты тақырып